Жарияланды: 320

Волейболдан ерлер арасындағы Ұлттық лигада бар команда жеңіліс табуда

Кеше Алматылық волейболшылар Хромтауда өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның ХХІ чемпионатының 1-ші турында жеңіліссіз келе жатқан атыраулықтардың арынын басты.

Алғашқы үш кездесудің қорытындысы бойынша 9 ұпаймен алға шыққан оларды павлодарлықтар қуып жетті. Ал атыраулықтардан 3 ұпай олжалап, 7 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұрған алматылықтардың бүгін енді өз көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Олардың бұл жолғы қарсыласы павлодарлықтар болмақ. Ал жұпсыз қалған атыраулықтар бүгін демалыс алса, қызылжарлықтар («Есіл») өскемендіктермен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»), хромтаулықтар («ТНК Қазхром») оралдықтармен («Конденсат») шеберлік таластырады. Қазір алаң иелерінің қоржынында - 4, қызылжарлықтарда - 2 ұпай болса, өскемендіктерде бірде-бір ұпай жоқ. Алматылықтардың өзге қарсыластарынан сондай-ақ, қазір 1 ойыны кем екенін ескерсек турнир кестесіндегі көшбасшылықты өз қолына алуына барлық мүмкіндігі бар. Себебі алматылықтарды 3:2 есебімен ұтқан хромтаулықтар Павлодар командасына 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін