Волейболдан ерлер арасындағы Ұлттық лигада бар команда жеңіліс табуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер арасындағы Ұлттық лигада бар команда жеңіліс табуда

Волейболдан ерлер арасындағы Ұлттық лигада бар команда жеңіліс табуда

Кеше Алматылық волейболшылар Хромтауда өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның ХХІ чемпионатының 1-ші турында жеңіліссіз келе жатқан атыраулықтардың арынын басты.

  • 15 Қараша 2012
  • 301
Фото - Caravan.kz


Алғашқы үш кездесудің қорытындысы бойынша 9 ұпаймен алға шыққан оларды павлодарлықтар қуып жетті. Ал атыраулықтардан 3 ұпай олжалап, 7 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұрған алматылықтардың бүгін енді өз көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Олардың бұл жолғы қарсыласы павлодарлықтар болмақ. Ал жұпсыз қалған атыраулықтар бүгін демалыс алса, қызылжарлықтар («Есіл») өскемендіктермен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»), хромтаулықтар («ТНК Қазхром») оралдықтармен («Конденсат») шеберлік таластырады. Қазір алаң иелерінің қоржынында — 4, қызылжарлықтарда — 2 ұпай болса, өскемендіктерде бірде-бір ұпай жоқ. Алматылықтардың өзге қарсыластарынан сондай-ақ, қазір 1 ойыны кем екенін ескерсек турнир кестесіндегі көшбасшылықты өз қолына алуына барлық мүмкіндігі бар. Себебі алматылықтарды 3:2 есебімен ұтқан хромтаулықтар Павлодар командасына 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар