Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 1-турының ақтық ойындары өтуде
Бүгін Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының 1-ші туры аяқталады. |
Жексенбі күні басталған бұл бәсекеде қазір 3 кездесудің қорытындысы бойынша 8 ұпаймен «жетісулықтар» (Талдықорған) көш бастап келеді. Алғашқы ойында тек «астаналықтармен» ғана ұпай бөліскен (3:2) олар, бірде-бір ойында жеңіліс таппаған жалғыз команда болып отыр. Одан 2 ұпайы кем «Астана» екінші орында, ал 3 ұпайы кем «Алматы» волейболшылары үздік үштіктің қатарында келе жатыр. Ал 3 ойында 3 ұпай жинаған «қарағандылықтар» төртінші және жарысты кеше бірінші болып аяқтаған Павлодардың «Ертіс-Қазхромы» 2 ұпаймен турнир кестесін түйіндеуде.
Бүгін енді «Қарағанды» мен «Астана», «Алматы» мен «Жетісу» өзара күш сынасады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін