Волейболдан Ұлттық лигадағы ел чемпиондары жаңа маусымда үздіктер қатарында келеді
Хромтауда волейболдан өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның ХХІ чемпионатының 1-ші турында |
үш ойынның қорытындысы бойынша атыраулықтар 9 ұпаймен көш бастап келеді.
Павлодарлықтарды 3:0, қызылжарлықтар («Есіл») мен оралдықтарды («Конденсат») 3:1 есебімен ұтқан олар, бүгін өткен маусымда ел чемпионы атанған алматылықтармен күш сынасады. Павлодарлықтар қазір 6 ұпаймен екінші орында тұр.
Ал олардан 1 ойыны кем «Алматы» волейбол командасы алғашқы кездесуде алаң қожайындарына («ТНК Қазхром») 2:3 болып ұтылып қалғанымен, кеше өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:1 етіп ұтып, 4 ұпаймен 5-тен 3-ші сатыға көтерілді. Алматылықтарға өз орнын босатқан оралдықтардардың қоржынында - 4, хромтаулықтар мен қызылжарлықтарда - 2, ал өсекемендіктерде бірде-бір ұпай жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін