Волейболдан "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирі өтеді

Волейболдан "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирі өтеді

Шілденің 9-16 күндері Вьетнам елінің Дак Лак қаласында әйелдер командалары арасында «Вьетнам телевидениесі кубогы» үшін халықаралық турнир өтеді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

ҚР Волейбол федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, онда ел намысын Нелли Щербакова жаттықтыратын жастар құрамасы қорғамақ. Оған — Ардақ Маратова (1994), Людмила Исаева (1989), Инна Шкурина (1993), Наталья Акилова (1993), Анастасия Ростовщикова (1994), Анастасия Коротких (1992), Елизавета Шепеленко (1992), Екатерина Разоренкова (1993), Яна Ягодина (1993), Татьяна Афанасьева (1990), Регина Данилова (1991) мен Ирина Чумак (1994) шақырылып отыр.

Бұл байрақты бәсекеде қазақстандықтар Вьетнам, КХДР және Австралия құрамаларымен «А» тобында сынға түспек. Ал «В» тобында Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайланд және Вьетнам-2 командалары өнер көрсетеді.

Н. Щербакова тәлімгерлері алғашқы ойынын 10-шілдеде КХДР, ал топтық кездесудегі ақтық кездесуін 13-шілдеде Австралия спортшыларымен өткізеді. Топтық кезеңнің көшбасшылары қарсылас топтардың екінші командаларымен жұп құраса, үздік үштікке ілінгендер соңғы орын алған командалармен күш сынасады. Жеңімпаздар одан кейін жүлделі орынға таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар