Жарияланды: 430

WBC: Бекман Сойлыбаев алғаш рет үздік 40 боксшының қатарына енді

WBC: Бекман Сойлыбаев алғаш рет үздік 40 боксшының қатарына енді  Сурет - khabar.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бекман Сойлыбаев алғаш рет Бүкіләлемдік бокс кеңесі әзірлеген ең мықты боксшылар тізіміне енді. Бұл туралы WBC ресми сайтында хабарланға

Маусым айындағы жаңартылған рейтингте отандасымыз екінші жартылай жеңіл салмақта 40-орынға жайғасқан. Бұл салмақта жапон боксшысы Такаши Миура көш бастап тұр, ал WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы – мексикалық Франсиско Варгас.

Естеріңізге салып өтсек, Сойлыбаев Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде грузин Николоз Кокашвилиді екінші раундта тізе бүктіріп, EPBC WBC тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алған болатын. Осы кезге дейін Бекман тоғыз жекпе-жекте жеңіске жетіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін