Я. Шведова мен Вания Кингтің жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Я. Шведова мен Вания Кингтің жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

Я. Шведова мен Вания Кингтің жұбы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» Үлкен дулыға сериясы турнирінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық спортшы Ярослава Шведова мен американдық теннисші Вания Кингтің жұбы жартылай финалға шықты.

  • 1 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Кеше олар ресейлік Надежда Петрова мен австриялық Анастасия Родионова жұбын үш сетте 7:5,3:6,6:2 есебімен тізе бүктірді.

Шведова мен Кингтің келесі қарсыластары — чехиялық Андреа Главачкова мен Люси Градецка жұбы.

Соңғы жаңалықтар