Ярослава Шведова алғаш рет WTA рейтингінің 25-іне кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ярослава Шведова алғаш рет WTA рейтингінің 25-іне кірді

Ярослава Шведова алғаш рет WTA рейтингінің 25-іне кірді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдердің теннис ассоциациясының рейтингісінде бір сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 29 Қазан 2012
  • 411
Фото - Caravan.kz

Ұйымның сайтында 29 қазан күні жарияланған жаңартылған рейтингте Я.Шведова 25 орыннан көрінді, бұл теннисшінің еңбек жолындағы үздік көрсеткіш болып табылады.

Галина Воскобоева мен Сесиль Каратанчева сәйкесінше 81-ші және 83-ші орындардан көрінді. Ксения Первак болса, өткен аптадағыдай 105-ші орында тұр.

Ал Юлия Путинцева алты сатыға көтеріліп, енді 136-шы орыннан көрінуде. Зарина Дияс 352-ші орыннан 351-ші орынға, ал Анна Данилина 390-шы орыннан 379-шы орынға ауысты.

WTA рейтингісінің бірінші ондығында Петра Квитова (8) екі сатыға төмен түсті. Чехиялық теннисші вирусты жұқпалы дерттің салдарынан қорытынды жарысқа қатыса алмады. Ұпайлар жоғалтқан А.Квитова итальяндық Сара Эррани (6) мен қытайлық Ли Наны (7) алдына жіберді.

29 қазандағы WTA рейтингі:

1 (1). Виктория Азаренко (Беларусь) — 10595 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) — 10045,
3 (3). Серена Уильямс (АҚШ) — 9400,
4 (4). Агнешка Радваньская (Польша) — 7425,
5 (5). Ангелика Кербер (Германия) — 5550,
6 (7). Сара Эррани (Италия) — 5100,
7 (8). Ли На (Қытай) — 5095,
8 (6). Петра Квитова (Чехия) — 5085,
9 (9). Саманта Стосур (Австралия) — 4135,
10 (10). Марион Бартоли (Франция) — 3740,

25 (26). Ярослава Шведова (Қазақстан) — 1565,
81 (81). Галина Воксобоева (Қазақстан — 776,
83 (83). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) — 756,
105 (105). Ксения Первак (Қазақстан) — 652,
136 (142). Юлия Путинцева (Қазақстан) — 498,
351 (352). Зарина Дияс (Қазақстан) — 120,
379 (390). Анна Данилина (Қазақстан) — 102,
687 (631). Зарина Хайрудинова (Қазақстан) — 30,
740 (742). Камила Керімбаева (Қазақстан) — 25.

Соңғы жаңалықтар