Ярослава Шведова Цинциннатидегі турнирде Гарбин Мугурусаны жеңді
![]() |
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен «Western & Southern Open» турнирінің алғашқы раунд ойындары өтті, деп жазды sports.kz. |
Әйелдер арасында әлемдік рейтингіде 106-шы орында тұрған қазақстандық Ярослава Шведова екі сетте сегізінші ракетка - испаниялық Гарбин Мугурусаны - 6:4, 7:6 (0) есебімен жеңді.
Енді Ярослава екінші айналымда Роберта Винчи (Италия) - Анастасия Павлюченкова (Россия) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Бұл кездесуде әзірге ресейлік теннисші алда келеді, есеп: 5:2.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін