Ярослава Шведова Оклендте екінші айналымға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ярослава Шведова Оклендте екінші айналымға шықты

Ярослава Шведова Оклендте екінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Окландта (Жаңа Зеландия) өтіп жатқан

  • 1 Қаңтар 2013
  • 454
Фото - Caravan.kz

WTA ASB Classic-2013 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады www.vesti.kz.

Бірінші айналымның матчында 25 жастағы қазақстандық испандық теннисші Лара Арруабаррена-Веcинодан 6:3 есебімен басым түсті. Айта кетейік, Шведова әлемнің 29-ыншы ракеткасы, ал испандық қыз WTA рейтингінің 79-ыншы орнында.

Турнирдің алтыншы ракеткасы болып табылатын Шведова келесі айналымда Канада спортшысы Юджини Бушарды 7:5, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Елена Веснинамен кездеседі.

Еске салайық, турнирдің бірінші айналымында Қазақстанның екінші өкілі — Галина Воскобоева жарысын аяқтады.