Қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Юки Наито — Моюка Учижимамен сәтті өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бірінші партияда жапониялық жұп 6:2 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева мен Калинская есе қайырды — 6:3.
Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 12:10.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Жапониялықтар 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Юлия Путинцева бір күнде екі бәсеке өткізіп, жұптық сында да ширек финалға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Осака турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.