Юлия Путинцева Осака турнирінде ширек финалға өтті

Қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Юки Наито - Моюка Учижимамен сәтті өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Бірінші партияда жапониялық жұп 6:2 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева мен Калинская есе қайырды - 6:3.

Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 12:10.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Жапониялықтар 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Юлия Путинцева бір күнде екі бәсеке өткізіп, жұптық сында да ширек финалға шықты.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Осака турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.