Юлия Путинцева Торонтода әлемнің үшінші ракеткасын жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Юлия Путинцева Торонтода әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева Торонтода әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

  • 11 Тамыз 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті — 7:5.

Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте испаниялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Бір сағат 27 минутқа созылған кездесуде Путинцева 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.


Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос Торонто мастерс турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар