Caravan Logo

Зарина Дияс «US Open» турнирінің алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Зарина Дияс «US Open» турнирінің алғашқы ойынында жеңіліп қалды


Қазақстандық Зарина Дияс жекелей сында словениялық Полона Херцогтан екі сетте 2:6, 5:7 есебімен ұтылды. Бұған дейін Ярослава Шведовада да жарысты ерте аяқтаған болатын.  Осылайша, бұдан былай әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын тек Юлия Путинцева қорғайтын болады. Ол бірінші айналымда Украина спортшысы Катерина Бондаренкомен бәсекеге түседі.