Жағажай волейболшыларымыз "SWATCH FIVB" әлемдік турына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболшыларымыз "SWATCH FIVB" әлемдік турына қатысады

Жағажай волейболшыларымыз "SWATCH FIVB" әлемдік турына қатысады

11-17 шілде күндері Мәскеудегі жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" сериясындағы "SWATCH FIVB" әлемдік кезеңі өтеді. Оған әлемнің үздік 128 командасы қатыспақ.

  • 9 Шiлде 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Қазір Швейцариядағы Гштадта «Үлкен дулыға» сериясының тағы бір кезеңдік жарысы өтуде. 4-10 шілде күндері өтетін бұл сайыста ел намысын әйелдер арасында Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова, ал ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко қорғаған еді. Алғашқы дәрежелік сында әлемдік рейтингте 24-ші сатыда тұрған Ирина мен Татьяна 9-шы орында келе жатқан голландиялық Рус Ван дер Хевен мен Жантин Ван дер Влиске 0:2 (17:21, 11:21) есебімен есе жіберіп жарыстың негізгі кестесіне өте алмады. Ал Александр мен Алексей алғашқы сында ресейлік спортшылардың 2:1 (25:23, 19:21, 15:11) осал тұсын таба алған еді. Алайда екінші сында әлемдік рейтингтің көшбасшысы саналатын бразилиялық Руни де Оливьера Феррамента мен Педро Сольберг Сальгадодан 0:2 (19:21, 27:29) есебімен ұтылды.

Соңғы жаңалықтар