Жағажай волейболы: қиыршық құмда - қызу дода - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболы: қиыршық құмда - қызу дода

Жағажай волейболы: қиыршық құмда - қызу дода

Қытайда жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

  • 5 Қараша 2012
  • 630
Фото - Caravan.kz

Біздің елден аталмыш құрлық біріншілігіне үш жұп қатысуда, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Биылғы Азия чемпионатында ерлер арасында — 20 жұп, ал әйелдер арасында 13 дуэт бақ сынауда. Бір көңіл аударар­лығы, Хайкоудағы (Қытай) сары құрлық бірін­ші­лігінде Қазақстан волейболшылары үздік­тер қатарына енген. Мәселен, Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко ерлер арасындағы бірінші нөмірлі, ал Дмитрий Яков­лев пен Алексей Кулешов үшінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген. Ал Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова әйелдер арасындағы Азияның төртінші жұбы ретін­де бақ сынауда.

Әрине, Қазақстан спортшыларының үздіктердің бірі ретінде танылуы тегіннен емес. Өткенге үңілер болсақ, 2010 жылғы Азия чемпионатында Машкова мен Цим­ба­лова күміс медаль олжаласа, Сидо­рен­ко/Дьяченко және Яковлев/Кулешов жұптары 4-5 орындарды иеленген. Ал был­тыр Сидоренко мен Дьяченко қола жүл­деге ие болып, Яковлев пен Кулешов тағы де бесінші орынға ие болған. Тек қыз­да­рымыздың жолдары болмай, 9-орынды қанағат тұтқан болатын. Бірақ Машкова мен Цимбалова жақында Таиландта өткен әлемдік турдың кезекті кезеңдік додасында 5-орынға ие болған-ды. Бір қызығы, Азия чемпионатын ұйымдастырушылар Қазақ­стан қыздарынан сескене ме, барлық коман­даларды топқа бөлгенде, Машкова мен Цимбалованы бір-екі ойын артық өткізетіндей етіп, «D» тобына жіберіпті.

Сонымен ерлер арасындағы 20 жұп бес командадан төрт топқа бөлінген. Ал әйелдер арасын­да­ғы 13 жұп төрт топқа жіктелген. Осы төрт топ­тың үшеуінде үш командадан да, төртіншісінде — төрт жұп.

Азия чемпионатының алғашқы күні үш жұбымыз да барлық ойындарын жеңіспен аяқтады. Бір күнде екі кездесуден өткізген қиыршық құм үстіндегі волей­бол­шы­ла­ры­мыз деңгейлері өздерінен төмен қар­сы­лас­тарын аса қиналмай ұтты. Әрі үш жұбы­мыз да еншілеріне екі жеңістен жазып, ширек финалға шығатындарына шүбә келтірмей, өз топтарында көш бастады.

Сидоренко мен Дьяченко Жаңа Зелан­дия және Гонконг жігіттерін 2:0 есебімен ұтса, Яковлев пен Кулешов Сингапур волей­болшыларын екі сетте тізерлетіп, Жаңа Зеландияның басқа бір коман­да­сы­нан 2:1 есебімен басым түсті. Ал Машкова мен Цимбалова Сингапур және Гонконг қыз­дарына әлімжеттік жасап, оңдырмай жеңді.

Бірақ үш жұбымыз да алғашқы ойын­да­рын рейтингтері бойынша екінші он­дық­тағы осалдау командалармен кездесті. Қазақстан жұптары үшін нағыз тартысты ойындар енді өтеді. Мысалы, ендігі кез­де­су­лерін Сидоренко мен Дьяченко жұбы да, Машкова мен Цимбалова дуэті де Қытай­дың қарымды командаларымен өткізеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера