Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Спортшы 2026 жылға арналған жоспарлары жайлы айта отырып, отбасын үлкейткісі келетінін мойындады.
— Менің үлкен отбасым бар, солармен айналысамын. Ересек ұлдарым бар, олар да менің жолыммен келе жатыр, қазіргі таңда чемпион атанып жүр. Жалпы менің жеті балам бар.
— Тағы да бала сүйгің келе ме, әлде осы жеткілікті ме?
— Мен енді ғана бастап жатырмын (күледі).
— Жанкүйерлерге сенің екі әйелің, көп балаң бары ұнайды, өзің бұған қалай қарайсың?
— Маған да ұнайды. Жақында үшінші әйел аламын. Мен қалжыңдап тұрған жоқпын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов екі әйелі бар екенін ашық мойындаған еді. Олар бір-бірін таниды, ал қос әйелінен спортшының жалпы 7 баласы бар.