Жарияланды: 40

Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео

Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео

Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутиновтың арасындағы жекпе-жек қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды

 Ресейдің Сочи қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 95 турнирі өтті.

Оның басты жекпе- жегі қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутиновтың (19-6) арасында өтті. Бәске Жұмағұловқа тиесілі Fight Nights Global чемпионы титулы тігілді. Бес раундқа есептелген жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов өзінің чемпиондық титулын сәтті қорғап, кәсіби карьерасындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал бұрын UFC-де бағын сынаған ресейлік спортшы жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Әли Багаутиновтың төрешілердің шешіміне көңілі толмады.

"Шынымды айтсам, мамандардың барлығы менің жеңгенімді айтып жатыр. Төрешілердің шешімімен дауласпаймын, бірақ біз менің командаммен бірге апелляцияға береміз. Қалай болатынын көре жатармыз", - деді Багаутино



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін