Жанат Жақиянов: «Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады» - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанат Жақиянов: «Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады»

Жанат Жақиянов: «Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады»

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA тұжырымдамасы бойынша ең жеңіл салмақта

  • 23 Қазан 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz

(53,5 келіге дейін) әлемнің «уақытша» чемпионы титулына ие Венесуэла боксшысы Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) жекпе-жек алдында позитивті көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды sports.kz.

Бұл жекпе-жек 7 қараша күні Монте-Карлода (Монако) жоспарланған.

«Әлемдік титулдың қандай да бір тұжырымдамасын жеңген әрбір спортшы — өте жақсы айқасушы, сондықтан Парехомен жекпе-жек мен үшін күрделі болатынына сенімдімін. Сонымен қатар, мен ол үшін еңсерілмейтін кедергі болатыныма күмәнім жоқ. Соңғы 12 қарсыласымды нокаутқа жібердім, ал 7 қарашада 13-шісіне қол жеткізуді жоспарлап отырмын. Парехо менімен барлық 12 раунд бокстасып, титулын сақтап қаламын деп ойлайтын шығар. Бірақ меноны есеңгіретемін. Менің соққыларымнан ол не болғанын да түсінбей қалады», — деп келтіреді Жанаттың сөздерін Boxingscene.

«Әлем чемпионы титулына ие болу — бұл арман. Менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның арманы. Головкин мен Шүменов Қазақстанға WBA титулдарын әкелді, мен де қалыспаймын. Үйімде жанкүйерлерім өте көп, Еуропа чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Карим Герфиді нокаутқа жібергенімде, көп адамды қуантқан  едім. Бірақ әлемдік титулды иелену — одан да үлкен жетістік. Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады», — деді боксшы.


Соңғы жаңалықтар