Жарияланды: 440

Жанат Жақияновтың Монте-Карлодағы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі (ВИДЕО)

Жанат Жақияновтың Монте-Карлодағы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі (ВИДЕО)

7 қараша күні Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы 31 жастағы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA (Interim) тұжырымы бойынша

Әлем чемпионы венесуэлалық 29 жасар Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) кездеседі.

Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы 7 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды kazsport.kz.

12 раундтық кездесуде Венесуэла боксшысына тиесілі WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) уақытша әлем чемпионы титулы таразыға салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін