Әлем чемпионы венесуэлалық 29 жасар Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) кездеседі.
Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы 7 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды kazsport.kz.
12 раундтық кездесуде Венесуэла боксшысына тиесілі WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) уақытша әлем чемпионы титулы таразыға салынады.