Әлеуметтік-бағдарланған бюджет өңір әкімі Ерлан Арынның қатысуымен өткен облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
1,7 млрд. теңге ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталатын болады. Көктемгі және жинау жұмыстары үшін жанар-жағар майдың бағасын төмендетуге, тұқым қорын жақсартуға, астық өнімділігін арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға шығындар қарастырылған.
Алғаш рет спорттық алаңдарды салуға және спорттық жабдықтарды сатып алуға, ауылдар мен елді мекендерді абаттандыруға облыстық бюджеттен 450 млн. теңге бөлінетін болады.
Сессия жұмысы барысында ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орманды пайдаланғаны үшін ақы төлеу, облыстың елді мекендерін абаттандыру мәселелері талқыланды.