Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарында - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарында

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарында

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына қосылуға жақындады

  • 19 Қараша 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына қосылуға жақындады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы  әлемдік рейтингінде жоғарылады. Отандасымыз WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде 13-орыннан бірден 6-сатыға көтеріліп, әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына қосылуға жақындады. 5-орында тағы бір отандасымыз Қанат Ислам тұр. Үздік үштікте америкалық Дэниэл Джейкобс, поляк Камил Шеремета және украиналық Сергей Деревянченко тұр.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар