Жарияланды: 60

Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Сағадат Рахманқұлов болса жеңіліс тапты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасода (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Вон Александрды жеңді.

Орта салмақта жұдырықтасатын боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған 8 раундқа созылды. Бұл қазақстандық боксшының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.

Шаршы алаңдағы шайқаста ширақ қимылдары, жойқын соққыларымен көзге түскен Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой ринг төріндегі төртінші жеңісі.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста Жәнібек Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Эль-Пасодағы бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Сағадат Рахманқұлов та жекпе-жекке шықты. Ол пуэрто-рикалық Никлаус Флазғатөрешілер шешімі бойынша жол беріп, мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть