Жарияланды: 860

Жәнібек Әлімханұлы: Кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы: Кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін

Әуесқой бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Әзірге нақты шешім қабылданбады. Негізі кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін. Бұл мәлесе жайлы маған демеуші болатын бастықтармен және жеке бапкерім Мұрат Сиқымбаев ағаммен ақылдасып жатырмын. Егер әуесқой бокста қалатын болсам, 81 келіде сынға түсемін. Бұл мәселелердің барлығы жаңа жылдан кейін белгілі болады. Әзірге жарақаттан толық айығып, жаттығуға ертерек кірісуді ойлап жүрмін», - боксшы dodasport.kz сайтына берген сұхбатында. Естеріңізе сала кетейік, Әлімханұлы Рио Олимпиадасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ширек финалда өзбек спортшысынан жеңіліп қалған. Одан кейін, 29 қазан күні Алматыда әуесқой бокстағы алғашқы кездесуін Милтон Нуньеске қарсы өткізіп, оны 1-раундта нокаутпен жеңді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін