Жарияланды: 30

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жекті бекітті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа жіберді.

«WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы келіссөзді бастауға рұқсат беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», – делінген ұйым боксшылардың өкілдеріне жіберген хатында.

Айта кетейік, 13 қарашада Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) арасында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, ал оның қорытындысы бойынша төрешілер Әлімханұлын жеңімпаз деп таныды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін