Жапон компаниясы Сәбина Алтынбекованың барлық жарнамалық келісімдеріне иелік ету құқығын сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапон компаниясы Сәбина Алтынбекованың барлық жарнамалық келісімдеріне иелік ету құқығын сатып алды

Жапон компаниясы Сәбина Алтынбекованың барлық жарнамалық келісімдеріне иелік ету құқығын сатып алды

Жапон компаниясы Сәбина Алтынбекованың барлық жарнамалық келісімдеріне эксклюзивті құқығын сатып алды.

  • 29 Қазан 2015
  • 493
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Dentsu Inc. Холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді жапондық компания қазақ спортшысының жарнамаға түсуіне әрі келісімге келуіне белсенді араласатын болады.

Сәбина мен жапон холдингі арасындағы келісім 2015 жылдың 1 қарашасынан өз күшіне енетін болады. Аталған келісім Қазақстаннан тыс аймақтарда жарамды екендігін айта кету керек.

Ескере кететін жайт, аталған компания күншығыс елінен өзге спорт жұлдыздарымен келісімге келген емес. Ең алғашқы шетелдік әріптес болып Сабина атанып отыр.

Сәбина Алтынбекова Қазақстанның ең танымал спортшыларының қатарында. Ол Азияда өткен жасөспірімдер арасындағы 17-чемпионатта тайвань жанкүйерлері мен журналистерінің назарына іліккен. Сол сәттен бастап Оңтүстік Азия елдерінің, Корея, Қытай, Тайвань спортсүйер қауымы арасында танымалдығы арта түсті. Қазірдің өзінде оның әлеуметтік желіде 500 мыңнан астам жазылушылары бар.


Соңғы жаңалықтар