Жақиянов Белфастта Барнеттен жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақиянов Белфастта Барнеттен жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды

Жақиянов Белфастта Барнеттен жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды

Жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғай алмады. Белфастта өткен бокс кешінде отандасымыз Райан Барнеттен төрешілер шешімі бойынша жеңілді.

SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер өз елінде жұдырықтасып жатқан Райан Барнетті жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 118-110, 119-109 и 116-112.

Жекпе-жекті Жанат ширақ бастаған. Төртінші раундтан бастап Райанның да басымдығы байқала бастады. Боксшылар жақын қашықтықта жұдырықтасып, соққы алмасумен болды. Қайсыбіріне басымдық беру оңай көрінбеді. Соңғы раундтар да тартысты өтіп, екеуі де жеңілгенін мойындаған жоқ. Дегенмен төрешілер шешімі бойынша шаршы алаң иесі жеңімпаз шықты.
 

  • 22 Қазан 2017
  • 495
Фото - Caravan.kz



 

Соңғы жаңалықтар