Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 қазақстандық спортшы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 қазақстандық спортшы шықты

Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 қазақстандық спортшы шықты

Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 қазақстандық спортшы шықты, деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясы.

  • 28 Шiлде 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

«54 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Бекжан Кібітқалиев румыниялық Арсен Мұстафадан басым түсті. Аян Қалыбеков (60 кг) Грузия боксшысы Джемал Шаламберидзені жеңді. Дәуітбек Қайыргелді (63 кг) туркиялық Хасан Озанннан, Асқар Дүйсәлі (75) — Адам Хамориден (Венгрия) айласын асырды. Ал Төлеген Дидар (80+) венгриялық Ласло Коморды үшінші раундта құлатып, жеңіске жетті», — делінген ақпаратта.

Қазақстандық боксшылар жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медаль алу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Жартылай финалда Б. Кібітқалиев ресейлік Артем Мелконянмен, Аян Қалыбеков Исраиль Мадримовпен (Өзбекстан) кездеседі. Дәуітбек Қайыргелді Тамерлан Магомедовпен (Ресей), Асқар Дүйсәлі Владислав Михайловпен (Украина) қолғап түйістіреді. Төлеген Дидар Сергея Акопянмен (Армения)шеберлік байқасады.

Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионаты Астанада өтіп жатыр. Жарыс 23 шілдеде басталды, жартылай финалдық кездесулер 29 шілдеде, финалдық кездесулер 30 шілдеде өтеді. Чемпионатану үшін әлемнің 48 елінен 500-ден аса спортшы таласуда. Әлем чемпионатына кубалықтар, америкалықтар мен қытайлықтар келген жоқ.

Соңғы жаңалықтар