Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық 9 боксшы шығады
Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға қазақстандық 9 боксшы шықты, деп Қазақстан бокс федерациясынан сейсенбі күні хабарлады. |
Заңғар Темірхан (48 кг) ширек финалда Молдовиялық Михаил Чивасиуспен кездеседі, Бекжан Кібітқалиев (54 кг) – Румыниялық Арсен Мұстафамен, Аян Қалыбеков (60 кг) –Грузиялық Джемал Шаламберидземен кездеседі.
Қайыргелді Даутбек (63 кг) Түркиялық Хасан Озанмен, Ақылбек Әділғалиев (66 кг) – Ресейлік Александр Агафоновпен, ал Дәулет Байгобатов (70 кг) – Италиялық Сальваторе Кавалларомен кездеседі.
Сондай-ақ ширек финалда Асқар Дүсайлы (75 кг) мен Венгрлік Адам Хамори, Тілек Қозбақов (80 кг) пен Австралиялық Джай Опетайя, Дидар Төлеген (80 кг) пен Венгрлік Ласло Комор кездеседі.
Біздің төрт боксшымыз - Олжас Қалаубек (46 кг), Әлібек Басапа (50 кг), Рауан Затула (52 кг) және Еркебұлан Ермеков - өз қарсыластарын жеңе алмады.
Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты Астанада тұңғыш рет өтіп отыр. Жарыстар 23 шілдеде басталды, жартылай финалдық жарыстар 29 шілдеде өтеді, финалдық жарыстар – 30 шілдеде болады. Жарысқа 48 елден 500-дей спортшы қатысуда. Көш басындағылардан кубалықтар, американдық және қытайлықтар келмей қалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін