Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық 9 боксшы шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық 9 боксшы шығады

Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық 9 боксшы шығады

Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға қазақстандық 9 боксшы шықты, деп Қазақстан бокс федерациясынан сейсенбі күні хабарлады.

  • 27 Шiлде 2011
  • 538
Фото - Caravan.kz

Заңғар Темірхан (48 кг) ширек финалда Молдовиялық Михаил Чивасиуспен кездеседі, Бекжан Кібітқалиев (54 кг) – Румыниялық Арсен Мұстафамен, Аян Қалыбеков (60 кг) –Грузиялық Джемал Шаламберидземен кездеседі.

Қайыргелді Даутбек (63 кг) Түркиялық Хасан Озанмен, Ақылбек Әділғалиев (66 кг) – Ресейлік Александр Агафоновпен, ал Дәулет Байгобатов (70 кг) – Италиялық Сальваторе Кавалларомен кездеседі.

Сондай-ақ ширек финалда Асқар Дүсайлы (75 кг) мен Венгрлік Адам Хамори, Тілек Қозбақов (80 кг) пен Австралиялық Джай Опетайя, Дидар Төлеген (80 кг) пен Венгрлік Ласло Комор кездеседі.

Біздің төрт боксшымыз — Олжас Қалаубек (46 кг), Әлібек Басапа (50 кг), Рауан Затула (52 кг) және Еркебұлан Ермеков — өз қарсыластарын жеңе алмады.

Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты Астанада тұңғыш рет өтіп отыр. Жарыстар 23 шілдеде басталды, жартылай финалдық жарыстар 29 шілдеде өтеді, финалдық жарыстар – 30 шілдеде болады. Жарысқа 48 елден 500-дей спортшы қатысуда. Көш басындағылардан кубалықтар, американдық және қытайлықтар келмей қалды.

Соңғы жаңалықтар