Жексенбідегі жойқын жеңісінен соң Әлімханұлы әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жексенбідегі жойқын жеңісінен соң Әлімханұлы әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді

Жексенбідегі жойқын жеңісінен соң Әлімханұлы әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді

Қазақстандық бесінші раундта жеңіске жетті.

  • 4 Ақпан 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) АҚШ-тағы нокаутпен жеңістен кейін орта дивизион рейтингінде 66 саты жоғарлады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандық Фриско қаласындағы The Ford Center at The Star аренасында The Hitman ("жалдамалы баскесер") лақап атты америкалық Стивен Мартинесті (18-5, 13 КО) жеңген еді.

Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек бесінші раундта америкалықтың командасы жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін тоқтатылды. Осылайша, қазақстандық АҚШ-та алғаш рет техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. Сонымен бірге, америкалық боксшы үшінші раундта нокдаунға түскенін де айта кетейік.

Бұл жетістік Әлімханұлына BoxRec сайтының топ-100 рейтингіне кіруге мүмкіндік берді. Қазақстандық бұл тізімде 84-ші, ал көшбасшы мексикалық Сауль "Канело" Альварес, одан кейін қазақстандық Геннадий Головкин.
 

Соңғы жаңалықтар