Жарияланды: 490

Жеңіл атлетикадағы Қазақстанның жетістіктігі

Жеңіл атлетикадағы Қазақстанның жетістіктігі

Биылғы жылы Қазақстан жеңіл атлетикасы да бұрын соңды болмаған ірі табысқа қол жеткізді - бір Ольга Рыпакованың арқасында.

Alaman.kz спорт агенттігінің жазуынша, үш қарғып секірудің шебері саналатын атлет наурыз айында өткен жабық алаңдағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Стамбул төріндегі сында Рыпакова тек Ұлыбритания спортшысы Ямиле Алдамаға есе жіберіп, тұғырдың екіншісі сатысына табан тіреді. Жыл бойғы Гаухар лига жарысы да біздің атлеттер үшін сәтті болды. Ольга Рыпакова бес алтын, бір күміс, бір қола жүлде алса, Марина Аитова екі кезеңде үштікті қорытындылады. Ал ақпан айында басқа спортшыларымыз Қытайдың Ханжоу қаласында өткен жабық алаңдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3күміс, 1 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте үшінші орын алған еді. Жетісайыстан Дмитрий Карпов алтын алса, оның жары Ирина Карпова бессайыс қорытындысы бойынша Азия чемпионы атанды. Ұзындыққа секіруде Анастасия Кудинова мен 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Наталья Ивановская екінші орын алды. Мамыр айында Таиландтың бас шаһары Банконгта өткен Азия Гран-Приінің бірінші кезеңінде үш қарғып секіру секторында Роман Валиев - алтын, Евгений Эктов - күміс медаль еншіледі. 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Татьяна Азарова күміс, балға лақтыру жарысында Александра Фишер күміс жүлде иеленді. Ал Гран-придің екінші кезеңін Таиландтың Канчанабури қаласы қабылдады. Бұл кезеңде Роман Валиев қола жүлдені қанағат тұтты. 100 метрге жүгіруде Виктория Зябкина күміс, Наталья Ивановская мен Татьяна Азарова қола иеленді. Үшінші кезеңін Таи елінің Чонбури қаласы қабылдады. Бұл сында Роман Валиев тағы да қола, Виктория Зябкина мен Наталья Ивановская, Александра Фишер күміс, Татьяна Азарова қола жүлде еншіледі. Айтпақшы, мамырда Италияда өткен «Челлендж» сериясындағы сында Дмитрий Карпов бір алтын алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін