Жеңілмеген қазақстандық файтер дебютінде қарсыласымен тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңілмеген қазақстандық файтер дебютінде қарсыласымен тең түсті

Жеңілмеген қазақстандық файтер дебютінде қарсыласымен тең түсті

Аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық файтер Әли Қабдулла (6-0) UAE Warriors промоушні аясында дебютін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

  • 5 Қыркүйек 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Әлидің қарсыласы Нидерланды өкілі Ярно Эрренс болды. Абу-Дабиде (БАӘ) өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Қабдолла алты кездесуінде жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсті.

Кейінірек қазақстандық боксшы Әли Қабдулланың мүддесін қорғайтын Tobet top team клубының негізін қалаушы Диас Кабдуов Азиядағы танымал промоушн UAE Warriors-тегі жекпе-жек нәтижесіне наразы болды.

Ол Instagram-парақшасына қазақстандықтың қарсыласы кез келген раунд нәтижесі бойынша жеңіске лайық емес екенін жазып, жазба жариялады.

"… Менің ойымша, Әли Қабдулла жекпе-жекте жеңіске жетті. Қарсыласына неге жеңіс берілгені тіпті түсініксіз. Екінші раунд, мүмкін созылғанына байланысты тең болған шығар. Бірақ Әли бірінші және үшінші раундтарда жеңді. Бізді уайымдаған, қолдаған барлық бауырымызға рахмет. Біз тоқтамаймыз, тек жылдамдықты арттырамыз. PS: Айтпақшы, Саят (менеджері Саят Әбдірахманов. — авт.ескерту) жеңгенімізді айтты", — деп жазды Қабдуов.

 

Соңғы жаңалықтар