”Жерге түсіңдер”: Уразбахтин “Пафосты 5:0 ұтыңдар” дегендерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жерге түсіңдер”: Уразбахтин “Пафосты 5:0 ұтыңдар” дегендерге жауап берді

”Жерге түсіңдер”: Уразбахтин “Пафосты 5:0 ұтыңдар” дегендерге жауап берді

”Қайрат” футбол клубының жаттықтырушысы Рафаэль Уразбахтин “Пафосқа” қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында өткір мәлімдеме жасады.

  • 20 Қазан
  • 467
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Уразбахтин баспасөз мәслихатында журналистің “жеңіс үшін берілетін сыйақы сізге мотивация бере ме” деген сұрағына жауап берді.

”Біз әуелі артымызда қандай із қалдыратынымызды, тарихты ойлаймыз. Тарих беттеріне өз атымызды жазғымыз келеді. Ол қаржылық сыйақыдан да жоғары дүние. Жалпы ойынның айналысында болып жатқан әңгімелерді тыңдасам, бізде адамдар мүлде футболды түсінбейтін сияқты. Команда келеді, біз оларды 5:0 ұтамыз деп ойлауға болмайды. Солай айтатын адамдар футболда ештеңе түсінбейтіндер. Осындай әңгімелерді естігенде күлкім келеді. Адамдар футболды вертолетпен көріп жүр ме деп ойлайсың. Бұл жерде барлық команда мықты. 10 жылда алғаш рет чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықтық. Сіздер бізге барлық команданы жеңіңдер деп жатсыздар. Жерге түсіңіздер”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы “Қайрат” – “Пафос” арасындағы ойын 21 қазан күні Орталық стадионда өтеді. Матч 21:45-те басталады. Ойынды Qazaqstan жəне Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера