«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетуде
Бүгін Вьетнамның Винь Фук қаласында волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтіп жатыр. |
Онда Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болған Алматы облысының «Жетісу» клубы кеше жартылай финалда жапондықтарды («Kensyokai Red Hearts») 3:0 есебімен ойсыра ұтқан еді. Бүгін олар қытайлықтармен («Tianjin Bridgestone»), индонезиялықтармен («Garuda»), ирандықтармен («Perspolisse») ақтық сайысқа жолдаманы сарапқа салуда.
19-маусымда жалауы көтерілген бұл жарыста 8 команда 2 топқа бөлініп өзара күш сынасқан болатын. Онда Вьетнам, Жапония, Филиппин мен Иран волейболшылары «А» тобында, ал Таиланд, Қазақстан, Индонезия мен Қытай спортшылар «В» тобында бақ сынады. Кеше жартылай финалда екі топтың үздіктері қарсылас топта 4-орын алған, ал 2-орын алғандар 3-орын алғандармен жұп құрады. Бұл дүбірлі дода ертең аяқталады. Онда жеңімпаз команда клубтық Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Қазақстандық «Жетісу» клубы былтыр Азия чемпионатында 2-орын алған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін