Жоғарғы лиганың «А» тобында Шымкент пен Алматы волейболшылары ел чемпионатында көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы лиганың «А» тобында Шымкент пен Алматы волейболшылары ел чемпионатында көш бастап келе жатыр

Жоғарғы лиганың «А» тобында Шымкент пен Алматы волейболшылары ел чемпионатында көш бастап келе жатыр

Волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 19-26 желтоқсан күндері Теміртауда өткен 2-ші турында жеңіліссіз келе жатқан «Ұшқын-ҚазҰАУ» (Алматы) жеңілістің ащы дәмін татты.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 335
Фото - Caravan.kz

Алғашқы турдағы есесін қайтарған шымкенттіктер («Динамо-Қазығұрт») оларды қуып жетіп қана қоймай, ұпай коэффициентімен басып озды. Қазір екі команданың да қоржынында 38 ұпай бар. 2 турда да оларға есе жіберген өскемендіктер «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» 30 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде. Одан кейінгі орындарды 23 ұпаймен «Ертіс АҚ АО» (Павлодар), 11 ұпаймен Есіл-Виктория» (Қызылжар), 10 ұпаймен «Семей», 9 ұпаймен «ВСМК АрселорМиттал» (Теміртау) мен «Жайық-Конденсат» (Орал) өзара бөлісуде.

Бұл турда шымкенттікте мүмкін болған ең жоғарғы 21 ұпайға толық ие болды. Оларға 3 ұпай беріп қойған алматылықтар қоржынына -18, ал өскемендіктер — 15, павлодарлықтар — 12, теміртаулықтар — 9, қызылжарлықтар — 4, семейліктер — 3, оралдықтар — 2 ұпай қосты. Ел чемпионаты енді 19-27 ақпанда Қызылжарда өз жалғасын таппақ.