Жоғарғы лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары өскемендіктер өз алаңында көш бастауда - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары  өскемендіктер өз алаңында көш бастауда

Жоғарғы лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары өскемендіктер өз алаңында көш бастауда

Өскеменде волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-ші туры өтіп жатыр.

  • 17 Желтоқсан 2012
  • 301
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 3 кездесудің қорытындысы бойынша қазір алаң қожайындары («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 22 ұпаймен көш бастап келеді. Үздік үштікті «Қостанай» (19 ұпай) мен «Грация-Астана KZ» (14 ұпай) командалары түйіндеуде. Ал Теміртаудың «Спартак АМТ» (9 ұпай), Павлодардың «Ертіс-Қазхром» (5 ұпай) мен «Қарағанды-2» (3 ұпай) турнир кестесінің екінші жартысында келе жатыр.

Бүгін енді «Грация-Астана KZ» пен «Спартак АМТ», «Ертіс-Қазхром» мен «Қарағанды-2», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Қостанай» өзара күш сынасады. Ал ертең ақтық ойында қостанайлықтар астаналықтармен, теміртаулықтар павлодарлықтармен, қарағандылықтар өскемендіктермен кездесетін болады.