Жарияланды: 50

Жыл камбэгі. "Ливерпуль" "Барселонаны" 4:0 етіп, финалға шықты

Жыл камбэгі. "Ливерпуль" "Барселонаны" 4:0 етіп, финалға шықты Сурет - Спорт-Экспресс

Бүгін екінші жартылай финалда "Тоттенхэм" мен "Аякс" финалға шығуға таласады.

"Барселона" бірінші кездесуде "Камп Ноу" стадионында "Ливерпульді" 3:0 есебімен ұтып, істі тындырғандай болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарымта кездесуде "Ливерпульдің" ерлік жасайтынына сену қиын болған. Жарақатына байланысты Мохамед Салах пен Роберто Фирмино болмады. Олардың орнына негізгі құрамда Джердан Шачири мен Дивок Ориджи шықты.

"Ливерпуль" алдымен жылдам доп соғып алды. Ориджи көзге түсті.

Екінші таймда голландиялық ойыншы Жоржиньо Вейналдум 54-ші және 56-шы минуттарда есепті 3:0 етті.

79-ші минутта Дивок Ориджи бұл кездесудің нүктесін қойды.

Бүгін екінші жартылай финалда "Тоттенхэм" мен "Аякс" финалға шығуға таласады.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі "Ванда Метрополитано" стадионында өтеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін