Зульфия Чиншанло Өзбекстанда өтетін онлайн турнирге қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зульфия Чиншанло Өзбекстанда өтетін онлайн турнирге қатысады

Зульфия Чиншанло Өзбекстанда өтетін онлайн турнирге қатысады

Бұл турнирде тағы бір отандасымыз сынға түседі.

  • 25 Тамыз 2020
  • 50
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық ауыр атлеттер — Зульфия Чиншанло (55 кило) мен Ибрагим Берсанов (109 килодан жоғары) Өзбекстан тәуелсіздігі кубогі жарысына қатысады, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайты, деп жазды vesti.kz

Халықаралық турнир 27 және 30 тамыз аралығында өтеді. Бір айта кетерлігі, турнир онлайн өтеді. Спортшылар бәсекеге үйінен немесе жаттығу залынан қатысады. Ұйымдастырушылар жаттығуға және видеоқұрылғының орналасуына байланысты арнайы ереже ойластырған. Бірақ бұл турнирдің нәтижесі мен рекорды ресми тіркелмейді.

"Турнирдің онлайн режіміне өтіне қарамастан бұл біз үшін маңызды сайыы. Бірінші кезекте жарыс команда ішіндегі бәсекелестікті арттырады. Спортшылар жарысты әбден сағынды. Сондықтан бұл турнирге үлкен жауапкершілікпен қатысамыз", — деді ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов.

Қазір Қазақстан құрамасының спортшылары карантинде. Коронавирусқа тест тапсырып болғаннан кейін олар оқу жаттығу жиындарын бастайды.

Чиншанло жарыс жолына 28 тамыз күні шығады. Нұр-Сұлтан уақытымен бұл бәсеке 18:00 мен 20:00 аралығында өтеді. Берсанов болса 30 тамыз күні сынға түседі. Турнир Халықаралық ауыр атлетика федерациясының YouTube арнасында тікелей көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар