100 жаңа оқулық - заманға лайық білім берудің бағыты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
100 жаңа оқулық - заманға лайық білім берудің бағыты

100 жаңа оқулық - заманға лайық білім берудің бағыты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты.

  • 22 Маусым 2021
  • 168
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісіне Еуразия Ұлттық Университетінің «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент — Айберген Айкүміс Ильясқызы «100 жаңа кітап» тізіміне енген «Эстетика» кітабына түсіндірме берді.

100 жаңа оқулық тізіміне енген «Эстетика» кітабына түсіндірме

-Жалпы әлемдегі руханиятты қолдап жатқан еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы» негізінде жасалып жатқан осыншама іс-шараны көлемінде жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттап үлкен іс-шаралар жасалуда.

Юрий Боревтың «Эстетика» кітабы әлемдік деңгейдегі оқылып жатқан ең жоғарғы кітап. Осы кітапты елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 100 танымдық кітаптың тізіміне кірген. Және бұл кітап қазақ тіліне аударылған. Жалпы кітап өте жоғары деңгейде жазылған. Мазмұнына тоқталып өтетін болсам, кітаптың жеті тарауы бар. Тараудың ішіне эстетка ғылымы, эстетканың қазіргі заманауи проблемелары, шындық эстетикасы, құндылықтар негізіндегі эстетика, адам, қоғам, тұлға қарым-қатынасындағы эстетикалық қарым-қатынас, мәдениет туралы құнды дүниелер жазылған.

Жалпы, бұл оқулықтың ішкі мазмұнын оқи отырып, өзіңе бір жаңа әлем ашасың. Өзін-өзі тануда рухани болмысыңызға, қандай да бір қиын жағдайда жүрсеңіз, мәселенің туындауы өзімізді дұрыс қабылдай білмеуімізде. Өзімізге айтылған сыни-пікірді қабылдай алмауымызда, өзіміздің қателігімізде мойындамауымызда осы мәселелердің барлығын эстетикалық тұрғыда, белгілі бір жоғарғы құндылықтар негізінде Юрий өз деңгейінде талдап береді.

Бұл оқулық жаңа айтып өткенімдей, әлемдік деңгейде оқылымы өте жоғары екенін айтып өткен болатынмын. Бүгінгі таңда ағылшын тілінде бір рет, чех және қытай тілінде үш рет басылып шыққан екен. Кез-келген ғылымның бір ерекшелігі бар.Эстетика да бір ғылым. Ғалымдардың топшылауында, кез-келген ғылым әрбір сегіз немесе он екі жыл сайын еселеніп, өзгеріп отырады. Сондықтан, бұл эстетика ғылымында осындай өзгеріп, жаңа деңгейге көтерілуінің өзі қоғам сұранысынан пайда болған деп топшылауымызға болады. Көп тілге аударылған бұл кітап, соңғы тізімнің ішінде қазақ тіліне де аударылған. Баршаңызға осы кітапты оқып шығуларыңызға кеңес беремін. Мен бұл кітапты толықтай қолдаймын. Өйткені, әлемді тану – әсемдіктен бастау алады. Әсемдік ол ішкі жан дүниеміз бен рухани болмысымыздың белгілі бір үйлесімділікте болуы. Сондықтан да, қолыңызға бұл оқулық түсіп жатса, оқығандарыңызға еш өкінбейсіздер.

Эстетиканың құндылықтары жайлы

Бұл кітапта Юрий Бореев құндылықтарды жалпы адамзаттың құндылықтары ретінде қарастырады. Кітаптың ішкі мазмұнында, жеті тарау бойында барлық адамды адамзаттық құндылық деп қарастырады.

Біздің еліміздегі көтерілетін мәселе — рухани жаңғыру. Бұл дәл керек кезінде көтеріліп отырған мәселе деп санаймын. Неге десеңіз, бұл кітаптар қазақ тілінде аударылмаса, қазақ тілді аудитроиялар бұл кітаппен таныспаса, белгілі бір мына жахандану дәірінде ілесе алмай қалушы едік. Өнерге, техникаға, дизайнға және тағы басқа салаларға. Кітаптың ішінде шындыққа эстетикалық тұрғыдан қарау деген тұжырым бар. Шындыққа эстетикалық тұрғыдан қарау және ақиқатты тану. Бұл құндылық, жалпы адамзаттық құндылық. Осы негізде эстетикалық қызмет негізінде бүгінгі таңда беріліп жатқан қаншама ақпараттар шынайылығын жоғалытып алған. Өйткені, бастапқы ақиқат бастапқы тұрғыдан ауытқып кеткен. Сондықтан Юрий Гурьевтің ең негізгі танымы кітаптың негізгі көрсетуі, оқырманға таратуы сол ақиқаттан алыстап кетпеуді насихаттайды. Бұл — бірінші кезек.

Ал, екінші кезекте — жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде деген сұраққа эстетиканың қарым-қатынастағы жалпы адамзаттық құндылығы деп айтамыз. Біріншіден, кез-келген адам өзін дамытуда ішкі және сыртқы күштеріне сенеді. Сол ішкі және сыртқы күштерінде белгілі бір үйлесімділік болса, өзінің даму деңгейінде рухани деңгейге жетеді. Бұл деңгейде Юрий Гурьев рухани деңгейге жетуге тек қана жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде ақиқатты танып, сол негізге жетудің ең негізгі бірден-бір оптималды жақсы екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мәселенің ішінде тағы бір ерекше айтып кететін құндылық эстетика. Бұл яғни, қатынастар негізінде орындалады. Эстетикалық қатынастарды тікелей практикалық мақсатқа қолдана отырып, адамзаттың барлық тәжірибиелерін болашақ ұрпаққа насихаттау және соны олардың өміріне ендіру. Бұл ең негізгі құндылық деп саналады.

Кез-келген заттың эстетикалық қасиеттерін қабылдай отырып, әрбір тұлға оны ең ауқымды, ең өзекті ғылыми практикалық мәнін түсіну қажет екенбіз. Соның негізінде, біз құндылықты ұғына аламыз. Керемет айтылған тұжырым. Ал, егер біз оның тәжірибиелі деңгейде қабылдай алмасақ, оны өз өмірімізге ендіре алмасақ, онан бізге ешқандай пайда жоқ. Оқығанымыз оқылған жерде қалып қоюы мүмкін. Сондықтан, кітаптың тағы да бір ерекшелігі практикалық тұрғыда пайдаланудың кейбір индикаторларын көрсетіп кеткен.

Соңғы жаңалықтар