"Әділ іріктеу болғанын қалаймыз": Қазақстан атынан "Оскар" номинациясына ұсынылған фильмді неге алдыртып тастағанын белгілі ұйым түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әділ іріктеу болғанын қалаймыз": Қазақстан атынан "Оскар" номинациясына ұсынылған фильмді неге алдыртып тастағанын белгілі ұйым түсіндіріп берді

"Әділ іріктеу болғанын қалаймыз": Қазақстан атынан "Оскар" номинациясына ұсынылған фильмді неге алдыртып тастағанын белгілі ұйым түсіндіріп берді

Бірнеше күннен бері Қазақстан атынан «Оскар» номинациясына ұсынылған фильмнің Қазақстан кинематографистер лигасының өтініші бойынша алынып тасталғаны туралы әлеуметтік желіде көп айтылды.

  • 31 Қазан
  • 107
Фото - Caravan.kz

Аталған ұйым фильмді неге алдыртып тастады, басты себеп неде, немесе әлдебіреулердің мүддесі бар ма?

Осы және өзге де сұрақтарға Қазақстан кинематографистер лигасы заңды ұйымының стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ақаров жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кадет» фильмі ел имиджіне қауіп төндіреді деп хабарладыңыздар. Бұл фильм елге қай жағынан қауіп төндіреді?

— Оны айтқан біз емес, біздің оппоненттер айтты. Біз әділ іріктеу болғанын қалаймыз. Өйткені Оскарға жіберетін комиссия өте әділетсіз болды. Бұл фильмнің операторы комиссия мүшесі болып отыр. Дауыс берудің қалай болғаны түсінікті. Оның үстіне дауыс беруге үміткер болған 8-ақ фильм. Іріктеу болатыны жайлы тіпті жарияланған да жоқ. Біздің мақсатымыз — нәтижені жоққа шығару емес, болашақ іріктеулерді әділ ететін прецедент жасау. Бірде-бір сала тамыр-таныстық пен мүдделер қақтығысы ахуалында дами алмайды.

Танымал кинопродюсерлер осы жайлы жазып, сіздерді жерден алып, жерге салып жатыр. Неге бұлай болып жатыр?

— «Kinopark» компаниясына қарайтын «Tiger films» көптеген фильмдерді шығарып, бірнеше киногерлермен бірге жұмыс істеп келеді. Олар былтыр 40-қа жуық фильм шығарған. Олармен жұмыс істегендер әрине бұл компанияға адал болып кетеді. Мысалы, өз басшыңа қарсы шықпайсың, бұл да дәл сондай болып отыр. Сондықтан да киногерлер екіге бөлінді. Оларға адал болып, бізге қарсы шығып жатқандар көп. Өйткені, «Kinopark» компаниясының әсері үлкен. Көпшілік киногерлер оларға қарсы шыға алмайды, егер оларға қарсы шықса фильмдерін Kinopark кинотеатрдан көрсетпей қалатынын біледі. Ал біз болсақ әділдікті қалаймыз.

Тіпті сіздер «сөз тасушы лигасы» деген сөзге де қалып жатырсыздар. Бұған байланысты нендей уәж айта аласыздар?

— Солай деп айтатынын білдік, бірақ біз өзімізді олай деп ойламаймыз. Өйткені, біз кеңеске де, министрлікке де хат жібергенбіз. Біздің төрағамыз Айдар Баталов кеңестің мүшелерімен өзі байланысқан. Фильмнің режиссері Әділхан Ержановпен де, Әділханның жақын досы Серік Әбішовпен де байланысты. Ол да комиссия мүшесі. Бұл істі қайта қарауды сұраған еді. Бірақ олар мән бергілері келмеді. Сондықтан біз «Оскар» академиясына хатты өзіміз жаздық. Соңында академия осында шешім қабылдады. Мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Былтыр 170 фильм жарыққа шықты. Комиссия соның барлығын қарап үлгерді дегенге үлкен күмәнім бар.

Демек, осы себепетерге байланысты «Оскарға» қазақстандық фильмді жібере алмаймыз ба?

— Өздерінің атынан жіберуге болады. Біздің мұнда қарсы шыққанымыз ол «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша ғана. Егер олар қатты қатысқылары келсе жалпы байқауға қатысса болады. Олар бұлай шу шығармай-ақ басқа санатта қатысса да болады. Жалпы санатта кез келген компания жібере алады, оған ешкім жоқ демейді. Ал «Үздік шетелдік фильм» номинациясында әр елдің атынан комиссия болады, оны солар шешеді. Оскардың ережесі сондай.

Перейти к новостям спорта