Жарияланды: 4800

"Әйелдер төсекте ойнайды": Танымал сексолог көпшілік біле бермейтін құпияларды айтты (ВИДЕО)

"Әйелдер төсекте ойнайды": Танымал сексолог көпшілік біле бермейтін құпияларды айтты (ВИДЕО)

Белгілі сексолог "Өзге Қазақстан" Youtube арнасына журналист Мұхит Сапарбаевқа келіп сұхбат берді.

Сұхбат барысында ерлер мен әйелдер арасындағы жыныстық қатынас туралы ашық әңгіме өрбіді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Анель ханым жыныстық қатынаста еркектердің шыдамсыз келетіндігін айтты.

"Бірінші аймаласу керек. Жоқ дегенде 10 минут. Себебі әйелдер ләззат ала бастауы керек. Ал еркектер тездетіп тек өз ісіне көшіп кеткенді қалайды. Сөйтеді де әйелдер көбіне оргазм алмайды. Көпшілік әйелдер ойнайды,актер болады. Иә, оргазм алдым дейді, бірақ шынында оны алмайды. Ерлер қауымы күнде аймаласа береміз бе? жалығып кетеміз дейді. Әйелге ол күнде керек, себебі әйел заты солай жаратылған. Кейбір әйелдер мұны күйеуіне ашық айтады екен. Мені сүйші, сипалашы, былай жасашы деп. Ал басым бөлігі мұны айта алмайды"- деді.

- Енді бұның қандай шешімі бар? 

- Жалпы жыныстық қатынаста екі адамның үлесі толық болу керек. Ер адам жұмысым осы деп тыға бермей, жаңағыдай бірінші дайындау керек әйелді. Егер олай жасамаса мен оны зорлау деп ойлаймын. Содан кейін әйел қашпай не істейді? Мүлдем жыныстық қатынасқа деген қызығушылығы болмай қалады. Екіншіден әйел заты ұялмау керек. Төсек қатынасынан әйелдер ұялады, оргазм алудан ұялады. Он жылдап күйеуіңмен бірге тұрады, бірақ әлі күнге дейін өз денесінен ұялатындар бар. Ата-анасы есітіп қалады деп ұялады. Күйеуінен ұялады. Міне осыларды алып тастау керек. Секс, жыныстық қатынасты ұят нәрсе деп айтуға болмайды. Ол табиғи заңдылық.

- Мысалы, әйелдер "мен оргазм ала алмаймын" , деп айтса еркектер әйелдер қауымы бұзылған деген ойда қалмай ма?

Ол енді ескі ұғым деп ойлаймын. Оны кетіру керек. Жалпы әйел мен ер адам енді отау құрғанда басын ашып алу керек. Мен ләззат алмаймын. Бір нәрсе жасау керек. Басқа жолын іздеу керек деп. Содан соң іздеп жолын табады. солай мәселе шешіледі. Болашақта бір проблема болмайды. Себебі баста ашып алды олар бастарын.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін