Жарияланды: 90

Алматы өңірі туристер үшін сұранысқа ие аймақ

Алматы өңірі туристер үшін сұранысқа ие аймақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша туризмді дамыту мақсатында Үкімет тарапынан елімізде осы салаға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама мақсаты - ТОП-10 жобасын құру арқылы өңірлер ұсыныстарымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Caravan медиа-порталының тілшісі Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының қызметкері Берікболова Мақпал Алмасқызымен сұхбаттасты.

- Қай жылдардан бастап қызмет атқарып келесіздер? Туризм орталығының міндеттері жайлы айтсаңыз.

- «Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы» 2014 - ші жылы сәуірдің 3-де құрылды. Орталықтың негізгі міндеттері - туризм объектілерінің туристік әлеуеті және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат дайындау болып табылады. Туризм және экскурсиялық клубтардың, балалар және жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді, туристік қызмет туралы анықтамалық ақпаратық жүйені қамтиды және жаңғыртады, туристік қызмет көрсету ұйымдарына әдістемелік, кеңес беру және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді. Жарнамалық-маркетингтік ақпараттық қызметтерді ұйымдастырады және туризм саласында іс-шаралар өткізеді. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен, кәсіби қауымдастықтармен, баспалар және БАҚ-өкілдерімен сондай-ақ Республиканың және шет елдердің туристік ұйымдарымен ынтымақтасады.

Орталықта арнайы тренингтерден өткен қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік тілдерін меңгерген қызметкерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталықта туристерге аймақ туралы барлық қажетті ақпараты алуға мүмкіндік беретін арнайы телефон жүйесі құрылған.

2019 жылы 3-ші сәуірде Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының ашылғанына 5 жыл толады.

 

 

- Қай орталық сұранысқа ие? Аудармашылар неше тілде қызмет көрсетеді?

- Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығына келушілер арасында сұраныс өте жоғары. Жоғарыда атап айтқандай, орталықта шет мемлекеттерден келетін туристерге өз қызметтерін көрсететін жоғарғы санатты шет тілдерін білетін мамандар бар. Орталықта арнайы тренингтерден өткен қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік тілдерін меңгерген қызметкерлер жұмыс істейді.

- Жылына келетін туристер саны қанша?

- Жылына келетін туристер санын атап айтсақ өткен жылы облысымызға 3392 шетел азаматтары келген, олардың 73% пайызы ТМД мемлекеттерінен болса, қалған 27% еуропа елдерінен облысымызға саяхат жасаған.

- Әлем бойынша екі жерде ғана орналасқан бірі Америкада, екіншісі өзіміздің Шарын шатқалы. Сол Шарын шатқалы жайлы тоқтала кетсеңіз.

- Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көз тартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген.

 

 
Шарын шатқалы
Шарын шатқалы
 
 
- Алматы облысы бойынша туристік нысандар неше топқа бөлінеді?

- Алматы облысындағы туристік нысандар негізгі 3 топқа бөлінеді: табиғи-сауықтандыру нысандары, тарихи-археологиялық нысандар, тәуіп ету орындары. Табиғи-сауықтандыру нысандарына Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған, Жаркент, Капал елді мекендері секілді Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтар да енеді.

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің танымдық сапарлардағы алар орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды болып келеді. Соның ішінде, Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Сарқандағы Қойлық қалашығы. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлар туристер сұранысына ие. Мысалы, қола дәуір ескерткіштеріне жататын жартастағы петроглифтерді атауға болады. Сондай-ақ, Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкі өлмес ғибадатханасы мен Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бес шатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген «Алтын адам» жатады.

Қазақстандағы туристік нысандардың үшінші түріне жататын тәуіп ету, яғни, діни туризм нысандар облыс аумағында көптеп кездеседі. Оларға Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы халық есімдерін құрметтеп, қадір тұтқан әулие-бабалардың 35 ескерткіші киелі орындар санына кіреді. Оның ішінде 1692-1780 жылдар аралығында өмір сүрген Ескелді би-күллі қазақ халқына қауіп төнген XVIII ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі, көсемі болған. Сол өз заманында сөз бастаған шешеннің, дуалы ауызды бидің қызметін атқарған. Жетісудың жыр дүлдүлдері Сүйінбай мен Бақтыбай ақындардың жырына арқау болған ерекше тұлғалы баба. Тағы бір айта кететін ескерткіш Жамбыл ауданы, Айдарлы ауылындағы Құртқа тәуіп кесенесі жайлы. 1770-1906 жылдары өмір сүрген Құртқа емші есімі Жетісу мен көрші қырғыз еліне кеңінен тараған халық емшісі. Ол кісі арабша-парысша хат таныған, еліне қамқор абыз, әулие, көріпкел, қасиетті адам болған. Үш ғасырдың жүзін көрген өте білімдар бабамыз жайлы айтылар естеліктер аз емес. Табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуіп ету орындары сынды 3 түрлі туристік нысандардың әр қайсысының маңызы зор. Бұл құнды қазынаны сақтаумен қатар, адамзат қатаныстыру да – ұлы міндет.

 

 
Алакөл
Алакөл
 
 
 

- Елбасымыз 2023 жылға дейін туризмді дамыту керектігін айтты. Сол жылға дейін аталған көрсеткішті көрсете аласыздар ма?

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша туризмді дамыту мақсатында Үкімет тарапынан елімізде осы салаға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама мақсаты - ТОП-10 жобасын құру арқылы өңірлер ұсыныстарымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету. Сонымен, үздік ондықтың ішінде: 1. Балқаш жағалауы, Алакол көлі, Шарын шатқалы, Алматы өңірінің тау класстері, көне Туркістанды қалпына келтіру.

"Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы" – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігіне кіретін кластер.

2023-ші жылға дейінаталған кластер Алматы облысының басқа да бөліктерін кеңейтеді және қосады, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық тудыратын орындар – Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, сондай-ақ Есік қорғандары ұсынылу жоспарлануда.

Сонымен қатар 2018-ші жылы туристік ұйымдар саны 114 мекеме болса, 2023-ші жылға дейін олардың санын 121 мекемеге жеткізу жоспарлануда.

Сұхбаттасқан Назира Абсаттарова

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін