Апаттардың алдын алу мәдениетiн әрбiр нақты адамнан әлемдiк қоғамға дейiнгі барлық деңгейде көтеру қажет - Мұрат Іңкәрбекұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апаттардың алдын алу мәдениетiн әрбiр нақты адамнан әлемдiк қоғамға дейiнгі барлық деңгейде көтеру қажет - Мұрат Іңкәрбекұлы

Апаттардың алдын алу мәдениетiн әрбiр нақты адамнан әлемдiк қоғамға дейiнгі барлық деңгейде көтеру қажет - Мұрат Іңкәрбекұлы

Елімізде, әлемде түрлі төтенше жағдайлар уақыт өте көбейіп келеді. Әр елде болып жатқан зілзала әлемде дүр сілкіндірді. Өлім-жітім өте көп болып, зардап шеккен адам саны, миллиартаған шығындар артып кетті. Зiлзалалардан болған экономикалық залалдың өсу қарқыны өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң өсу қарқынынан озып тұр. Төтенше жағдай кезінде оқиға салдарына, қауіптілігіне қарай сол елде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектетеліп, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарады.

  • 23 Ақпан 2023
  • 69
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Мәлік Ғабдуллин атындағы орталықтың жедел тактикалық дайындық бойынша азаматты қорғау подполковнигі, аға оқытушы Арыстанбеков Мұрат Іңкәрбекұлымен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.

— Өзіңізді толығымен таныстырып өтсеңіз… Бұл салаға қалай келгеніңіз жайлы тоқталсаңыз

— Мен Арыстанбеков Мұрат Іңкәрбекұлы. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасымен. Отбасым бар, үш баланың әкесімін. Әкем құзырлы органдарында жұмыс жасаған.

2005 жылы Көкшетау техникалық институтына курсант болып түскенмін. Содан бері, осы салада жұмыс қызмет жасап келе жатқаныма биыл 18 жыл болады.

Лейтенант болып бітіргеннен кейін, Павлодарда жұмыс жасадым. 2012 жылы қызмет бабымен Астана қаласына ауысып келдім. Бірінші өрт сөндіру бөлім бастығының орынбасары қызметін үш жыл атқардым. Одан соң, инспектор болдым. Әрі қарай, қызметім көтеріліп, бекет бастығы болдым.

Ал, дәл қазіргі таңда Мәлік Ғабдуллин атындағы оқу орталықта қызметіме бір жылдан аса уақыт болды. Жедел тактикалық дайындық бойынша азаматты қорғау подполковнигі, аға оқытушымын.

Бұл салаға келуім, менің балалық араманым болған. Яғни, униформа кию болатын. Сол балалық арманның әсерімен, осы салада қызмет атқарып жатқан жайым бар. Қоғамға өз үлесімізді қосу біздің міндетіміз деп айтамын.

— Төтенше жағдай табиғи және техногендік болып екіге бөлінеді. Соның алдын алу мен жою, яғни, болдырмау жайына тоқталсаңыз…

—  Апаттардың алдын алу мәдениетiн әрбiр нақты адамнан әлемдiк қоғамға дейiнгі барлық деңгейде көтеру қажет.

 Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар — дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи, өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануы туғызатын төтенше жағдайларды айтамыз. Кеше ғана Түркия мен Сирия елінде үлкен зілзала болды. Қаншама мыңдаған адамдар зардап шегіп, өлім-жітім өте көп болды. Өздеріңіз білетіндей әлем болып көмек қолын создық. Оның ішінде елімізден екі дүркін құтқарушылар барды. Осындай табиғи апаттарда құтқарушы топтың рөлі мен атқаратын, мойындарына үлкен жүк артылатын уақыт. Әрине, елемізде, тіпті әлемде болмасын дейміз. Мұндай зілзала елімізде болған жоқ, болмасын да. Дейтұрғанмен, апат айтып келмейтіні анық.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар — өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бүгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар болып табылады. Мұндай төтенше жағдайлар кез-келген елде, кез-келген жерде өте көп болады. Өрт тілсіз жау демекші, сол тілсіз жау Астана қаласында да өте көп орын алады. Түрлі жағдайды, түрлі себептен туындайтын апаттар.


Сол үшін, қолдан келгенше әрбір адамзат сақтықпен жүрсе деймін. Кез-келген нәрсеге жауапкершілікпен қараса деймін.

— Төтенше жағдайлар кезінде қандай да бір көмектесе алмай қалған, яғни, мүмкіндік болмай қалған әттеген-ай дейтін кездер болды ма?

— Әрине, жұмыс барысында көмектесе алмай қалған кездер болады. Бірақ, ол біз жақтан кінә болған емес. Тек кешігіп айтылған хабарлама әсерінен, әттеген-ай деген жағдайлар орын алды. Сондағы біздің жұмыста 1-2 минуттың өзі үлкен рөл ойнайды. Себебі, ондай оқиға кезінде әрбір секін біз үшін өте құнды. Ерте хабарлама жеткенде мынаны жасайтын едік, бұлай болмас еді дейтін жағдайлар болып жатады. Көбінде Астанада сауда орталықтары, үлкен үйлер, коттедждерде өрт болып жатады. Ал, үлкен нысандар менің жұмыс жасау барысымда болмаған.

2010 жылы Павлодар облысында жұмыс жасап жүрген кезімде, орманда өрт болып, соны сөндіруге барған болатынбыз. Шалдай ауданында бір күн бойы ормандағы өртті сөндірдік. Ертесіне Астана гарнизоны Ресей федерациясына көмектестік. 3-4 күн қатарынан орман өртін сөндірдік. 2 сағат қана ұйықтап, тамақты далада жасап жеп, қалған уақыттың бәрінде орманды сөндіріп болғанша тыным таппай жұмыс жасаған кездер болды. Сол кезде, бізді медальдар беріп марапаттаған болатын.

— Төтенше жағдайларда шәкірттерді қалай дайындайсыздар? Бірінші кезекте психологиялық дайындық, содан соң, теориялық, практикалық дайындықтарды оқытып, үйретесіздер ме?

— Дұрыс айттыңыз. Сіз атап өткен барлық дайындықтан өтеді. Әрбір жұмысқа орналасушы адам, жұмыс бастамас бұрын, біздің орталықтың сабағынан өтеді. 

Алғашқы дайындық кәсіби сабақтан басталады. Теориялық сабақ, одан соң практикадан өтеді. Содан кейін, психологиялық дайындықтар жүргізіледі. Осының бәрінен өткеннен соң, жұмысқа бара алады. Оқудың ұзақтығы 35 күн. Яғни, осы 35 күн ішінде жан-жақты қамтылған дәрістерді Астана қаласындағы оқу орталығында тәмәмдап шығады.

Соңғы жаңалықтар