Әскері мықты мемлекет өзге елдің мысын басып тұрары ақиқат - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскері мықты мемлекет өзге елдің мысын басып тұрары ақиқат

Әскері мықты мемлекет өзге елдің мысын басып тұрары ақиқат

Отанды қорғау - абыройлы міндет. Сол міндетті адал атқару - сапқа тұрған әрбір сарбаздың парызы.

  • 16 Шiлде 2019
  • 668
Фото - Caravan.kz

Қазақстан — бейбітшілігі баянды, қорғанысы берік, әскери техникасы дамыған мемлекет.

Әскері мықты мемлекет өзге елдің мысын басып тұрары ақиқат. Сол себепті де, еліміздің туын биік ұстар, еңсесі биік әскер қолын көбейту — біздің мақсатымыз. Өз қорғанысыңа жете мән бергендер, бірінші кезекте шекарасын белгілеп алғанда, ел мен жердің тыныштығы мен бейбіт өмірді қорғауды ойлайды. Қазақстанда да осындай миссия өз жемісін беруде. Бүгінгі таңда әртүрлі оқу жаттығулардың әскери орталықтарды үздіксіз өтіп жатуы – осының айғағы мен дәлелі.

Қазіргі таңда жастар әскери борышын өтеуге өзін нық әрі сенімді түрде дайын екендіктерін мақтан тұтады. Отан алдындағы борышын өтеуді міндетім деп біледі.

Әскери қызмет атқару — қоғам мен мемлекет тарапынан берілген аса зор жауапкершілік.

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа-порталының тілшісі әскер дәмін татқан азаматтар мен болашақ сарбаздардың пікірін біліп көрді. 

Әскери борышын өтеп келген азамат

Отан алдындағы борышымды атқару мен үшін үлкен мәртебе, дейді әскер қатарында болып келген Асанұлы Мұратбек есімді азамат.

 «Екі жылда көп нәрсе үйрендім. Өз Отанымның патриоты болуға, өзіме сеніп тапсырылған міндеттемелерді уақытында мүлтіксіз орындауға, адал, тәртіпті, ержүрек те батыл болуға, әскери борышымды орындау тосыннан болған оқыс оқиғалар кезінде аптықпай, байыпты бастама жасауды үйрендім. Сонымен қатар, командирлерге, яғни, басшыларға мүлтіксіз бағынуға және де оларды ұрыста қорғауға, жауынгерлік жолдастықты бағалауға, жолдастарымды қауіптен құтқаруға көмектесуге үйретті. Сарбаздың тағы бір міндеті кез-келген оқыс оқмға кезінде айналаңдағы адамдарға түрлі әдістер арқылы оларды құтқара білу.

Асанұлы Мұратбек
Асанұлы Мұратбек

 

Және де әскери атақтарды бұрмалауға, лақап ат пен мазақ есімдерді қолдануға, сондай-ақ, дөрекілік танытып сөйлеу мен жүрдім-бардым жауап беруге, яғни, іле шала сөйлесу әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына сыйыспайды.

Екі жыл ішінде алты айлық сержанттық курсты да оқыдым. Әркімнің икемділігіне қарай, түрлі оқу-тапсырмаларды орындауға бағыттайды. Ол жерде үйдің еркесісің ба, жалғыз баласың ба немесе атасы мен апасының баласысың ба қарамайды. Бәріне тәртіп бір. Тәртіп қатал. Өзім бала күннен бергі әскери қатарында болу мен әскери қатал тәртіпті армандағанмын. Отан олдындағы әскери армандарым орындалды деп толықтай сеніммен мақтан тұта айта аламын. Өсіп келе жатқан екі ұлымды да Отан алдындағы борышын өтеулерін міндеттеймін!».   

Болашақ сарбаз. Мектеп оқушысы.

Отан алдындағы борышымды орындауға дайынмын, дегенмен, үрейім де жоқ емес, дейді мектеп оқушысы Жұмабекұлы Есет. «Отан қорғау — әрбір азаматтың борышы. Әскерге барған әр азамат тиянақтылықты, өз ісіне жауапкершілікті қиын сәтте дұрыс шешім қабылдай білуді үйренеді. Әскери өмір ер-жігіттің қайратына қайрат, зор күш пен асқан төзімділікті шыңдай түседі. Мен елімнің тыныштығын күзетіп, әскери қызметімді абыроймен атқарғым келеді. Әкем де әскери міндетін атқарған кісі. Мен әкемді пір тұтамын».

Жұмабекұлы Есет

 

Әскер қатарында болу мен әскери оқу тек ер-жігіт үшін емес, қыз бала үшін де міндет деп білетіндер бар. Қазіргі таңда, түрлі мамандықта оқытатын, оқытып жатқан жоғарғы оқу орындары да жетерлік. Соның ішінде қыздардың қызығушылығы да артып келеді.

Нәзік жандылар да қару ұстай алады

«Мен Отанымды қорғауға дайынмын! Менің қызығушылығым — әскери тәртіп пен әскери форма. Әскери форма маған ерекше күш-жігер беріп тұрғандай. Елімізде іскери оқу орындарында қыздар  үшін арнайы кафедралар ашылған. Өзімді қазірден жан-жақты жан-жақты дайындау үстіндемін. Әскер қатарында болу тек ерлердің ісі деп білетіндерге, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова апаларымды пір тұтатындығымды ерекше мақтанышпен айтамын. «Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады» деп Бауыржын Момышұлы атамыз айтқандай еңсесі биік, рухы мықты ел болуға мен де өз үлесімді қосамын», дейді студент Ерболқызы Мадина.

Ерболқызы Мадина
Ерболқызы Мадина
 

Қазақстан Республикасы әскери жасақтары мен техникаларымен, әскери базалармен жасақталған мемлекет.

«Әскери қызмет және әскер қатарында болған қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда әскери қызметшілерге түбегейлі жағдай жасалғандығын айқын көруге болады. Әскери қызметшілердің үй-жаймен қамтамасыз етілуі, жалдамалы пәтерде тұрушыларға пәтерақы төлеу, отбасындағы адамдардың әскери-медициналық мекемелерден медициналық көмектер алу мемлекет есебінен жүзеге асырылып отырады. Сондай-ақ, айлық жалақыларының өсіп отырғандығы да әскери қызметкерлердің еш алаңдаусыз қызметтерін атқаруларына зор мүмкіндіктер туғызары сөзсіз.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кімдер ұйымдастырады? Кімдерге міндеттелген?

Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы күштерді жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шаралар кешені.

Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес әскерге шақыру комиссиялары құрылады.

Уақытша шетелде тұрып жатқан азаматтар елге қайтып келгеннен кейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмаса, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңы бойынша белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Әрбір азамат жергілікті әскери басқарма бастығының оның әскери қызметке шақырту бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледі.

Дайындаған: Абсаттарова Назира

Соңғы жаңалықтар