Жарияланды: 880

Әскери қызметкер: Қазіргі жігіттердің әскерден жалтаруына жастардың ғаламторға улануы себеп

Әскери қызметкер: Қазіргі жігіттердің әскерден жалтаруына жастардың ғаламторға улануы себеп

Қазіргі жігіттердің әскерден жалтаруына жастардың ғаламторға улануы себеп.

Әскери қызметкер болудың қызығы мен шыжығы, әскери адам болудың ең қиын жолы және өзге де әскерге байланысты ел аузында жүрген сұрақтарға Алматы қаласындағы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2177 әскери бөлімінің байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету ротасының командирі Өркен Өмірбекұлы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

- Әскер қатарында болған кезіңіз бен қазіргі қызметіңіз жайлы айтып берсеңіз.

- Әскерге ең алғаш Атырау облысының Құрманғазы ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімшесіне шақырылдым. Одан кейін Алматы қаласындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инжеренелік институтына алғаш 2008 жылы 5 тамызда курсант қатарына енгізілдім. Ең бірінші әртүрлі сынақтардан, байқаулардан дене-шынықтыру жаттығулары және бізге басты пән ретінде физика пәні болды. Физика пәнінен сынақтар қабылдап, содан шешім шығарған кезде әскери курсанттардың қатарына қабылдандым. Одан кейін әскери институтта 5 жыл оқып, 2014 жылы бітіргенннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Ұлттық қауіпсіздіктің 2020 әскери бөлімі- шекара бөліміне техника жөніндегі Байланыс бөлімінің командирдің орынбасары болып тағайындалдым. Одан кейін сол аталған ротаның командирі лауазымына тағайындалдым. Осындай аз уақытта шекара қызметіне Қорғаныс министрлігі саласынан келгендіктен әскери тәртіп, тактикалық дайындық және жарғы талаптарды қатаң түрде орындап, жақсы нәтиже көрсеткеннің арқасында мені сондай қызметке тағайындады. 2015-2018 жылдар аралығында 20-20 әскери бөлімінің Байланыс бөлімінің командир лауазымының қызметін атқарып, 2018 жылдың 10 шілдесінде Алматы қаласындағы шекара қызметінің авиациясының 21-77 әскери бөліміне Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету ротасының командирі болып тағайындалдым. Қазір сол аталған лауазымда қызмет етемін.

Біздің бөлімшенің атқаратын міндеті – байланыспен қамтамасыз ету. Тұрақты және үздіксіз өз уақытылы байланыспен әрқашан қамтамасыз ету. Ол жерде сыммен байланыс және радиобайланыс болып бөлінеді.  21-77 әскери бөлімінде атқаратын функционалдық міндеттерінің ең бір ерекшелігі – радиотехникалық қамтамасыз ету. Ол ұшатын ұшақ, тікұшақтарды байланыспен қамтамасыз етіп, базамен байланыстырып, олардың ұшып, қонуын әртүрлі табиғи жағдайларда, қараңғы кезде, түнгі кезде метионың қиын жағдайларында ұшып, қонуды қамтамасыз ету біздің міндетіміз. “Байланыссыз – басқару жоқ”, - деген сияқты Байланыс жүйесі ол – адамның ағзасындағы нерв жүйесі секілді өте маңызды салалардың бірі болып есептеледі. Сондықтан, біз өз қызметімізде әрқашан үздіксіз байланыспен қамтамасыз етуге, байланыстың ешқашан үзілмеуіне және ұшақтар мен тікұшақтардың аэродромның айлақтарынан ұшуын қамтамасыз етеміз.

- Қазіргі таңда карантинге байланысты жұмыстарыңыз көбейе түскен болар. Вирус әскери адамдардан табылып жатыр. Өзіңіз алдын алып жатсыз ба?

- Қазіргі таңда карантинге байланысты жұмыс ауыртпалығы сезіледі. Алматы қаласында тұратындар карантинге жабылған кезде, біздің жауынгерлік қызметтерді, ішкі қызмет тәртібін бұрынғы атқарып жүрген лауазымдық міндеттердің азамайтыны белгілі, сондықтан жеке құрам барлық күш-жігерімен сол міндеттерді уақытылы атқарып, уақытылы орындалғанын қамтамасыз етіп жатыр. Карантинге байланыс мемлекет басшымыздың және денсаулық сақтау министрінің әрқашан айтылған талаптарын бұлжытпай орындауға біздің әскери бөлімнің басшылығы, соның ішінде штаб басшысы, әскери бөлім командирі, тәрбие жөніндегі командирдің орынбасары үлкен күш жұмсап, бұлжытпай орындалуын талап етіп, әрбір әскери қызметінің өзінің маскасы, қолғабы, антисептик міндетті түрде болуы және бақылау өткізу бөлімдерінде хлормен сағат сайын дезинфекция жасалып, барлық жерге дезинфекция жасалды. Вирус әскери адамдардан табылып жатыр себебі – блок-посттарда бәрбірде өткен, жүрген адамдармен байланыс болады. Сол себептен ойлаймын. Бірақ біздің әскери бөлімнің вирус жұқтыру себептері анықталған жоқ. Өзім де алдын алу іс-шараларын отбасымнан да қатаң талап етемін. Олардың сыртқа шықпауын айттым. Дүкенге, қоқыс тастау сияқты жұмыстарды өзім жасап жүрмін. 

- Қазір жас жігіттер бармаудың жолын іздеп, жалтарып жатады. Оған не себеп деп ойлайсыз?

Қазір жас жігіттер әскерге бармай, жалтарып жатады. Себебі, менің ойымша ол жастардың ғаламторға улануы. Ғаламторда ақпараттар өте ұсақталып кеткен. Қазір хайп, пиар деген нәрселер көбейді. Қазіргі жастар шетелдің жұлдыздарына еліктеп, ішімдікке, шылымға сол сияқты зиянды заттарға салынып кетеді, оған да жарнама көп. Елде әскери қызметке, Отанды сүюге, Отанды қорғау идеологиялық жұмыстардың жоғары түрде насихаттанбауы себеп деп ойлаймын. Қазір көптеген жастар ютуб, инстаграм секілді желілері. Ал ол жақта көңілге қонымсыз заттар көп. Біреудің құлап кеткені, сүрініп кеткені көп жазылады. Бізде жақсы, жақсы арналар бар. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін насихаттайтын бағдарламалар бар. Бірақ оларды жастар қызығушылықпен қарамайды.

- Әскерге баруды өзіне міндет санамайтын азаматтар бар арамызда. Солар жайында не айтар едіңіз?

- Иә, әскерге баруды міндет санамайтындар бар. Менің ойымша әскерге баруды міндет санамау дұрыс емес деп есептеймін. Құдай сақтасын, дегенменде ел басына күн туатын болса, ең бірінші қолға қарып, қасқая қарсы тұратын ер адамдар. Ол ер адамдар қолына қару ұстай алмаса, атудың бағытын білмей, әрекет етудің жолын білмей жататын болса ол үлкен сын деп ойлаймын. Сонымен қатар, ең бірінші өзінің отбасынан басталады. Құдай сақтасын, біарқ табиғи, төтенше жағдайлар орын алса, әскери адамдар ең бірінші қалай әрекет ету керек, қалай қимылдау керек, кімге хабарласу керек, қай жерде жиналу керек дегендерді біліп тұрады. Сондықтан, соның барлығын әскери қызметкерлер үйренеді. Жанұясын, елін, жерін қорғау ер азаматтың міндеті деп ойлаймын. Қазіргі таңда көптеген ақпараттық ұйымдар арандатып, ақпаратты дұрыс жеткізбейді. Әрбір ата-ана өз баласын ойлайды.”Әскерде баламды ұрады, дедовщина”, - деген себеппен балаларын жібергілері келмейді. Қазір Қазақстан әскерлерінде ондай “Дедовщина”, - деген түсінік ондай нәрсе жоқ. Оны болдырмау, алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар өте көп.

- Әскери қызметкер болудың ең бір қиын жолы қандай?  

- Әскери қызмет – Отанға қызмет болғандықтан ол әр жерде қызмет атқаруына міндеттеледі. Соған байланысты көшіп-қонып, әртүрлі жерде қызмет етуі, оның үстіне жанұя мүшесі көп болған жағдайда көшу қиын, балалар жаңа мектеп, жаңа жерге үйренуі әркімнің психасына әртүрлі болуы мүмкін. Менің ойымша, қиындық көшуге келіп тоқтаталатын сияқты. Басқа кезде әскери қызметші болатын, соның ішінде офицер болуға бекінген адам ол алдын ала елестетіп, қандай қызметке бара жатқанын сезініп, шешім қабылдап, содан кейін барады деп ойлаймын. Ал егер олай болмаған жағдайда әсери қызметкер болу бақыты ұзаққа созылмайды. Себебі, көзіміз көріп жүргендіктен қателесіп мамандықты таңдаған болса, ол әскери қызметкер тәртіпке бағына алмай немесе әртүрлі себептермен әскери қызметтен шығып жатады. Сондықтан өзіне артылған үлкен жауапкершілікті жете түсіне білу керек деп ойлаймын.

- Қызмет атқарып жүргеніңізде ең бір естен кетпейтін оқиға бар ма? Немесе ең бір қызық оқиға?

- Оқуға түскен кезде барлығы әр аймақтан, әр жақтан келеді. Бала болғасын тәттіге үйреніп қалғасын әскердің тамағына үйренісе алмай, полигонда өсіп тұрған ол кезде “Запретный плод”, - деп аталатын полигон бастығының кабинетінің қасында алмұрт ағашы өсетін. Ол алмұрттың әдемі болып өсіп жатқан кезі. Түнде екі жігіт болып алмұртты ұрлауға барамыз. Ол кезде ауылға үйреніп қалған. Ол атаның бақшасы болатын, содан алып үйреніп қалғанбыз. Енді алмұрт ағашына келіп, алмұртты алып жатқан кезімізде қызмет атқарып жатқан кезекшілер, офицерлер жан-жақтан жарықты жағып, бізді қоршап алды. Ең бірінші сабақ алып, тәртіпке үйренген кезіміз. Сағат түнгі 1-дің кезінде ұсталдық, екі пакетке салған алмұртты жеп алдық. Одан кейін, жалпыәскери қорғаныс жиынтығы деген болады улы заттардан, улы қарудан қорғанатын радиохимиялық-бактериялық заттардан қорғанатын костюм. Резеңке костюм, үсінде газтұтқыш бар. Алмұртқа тойып алғаннан кейін сол костюмді киіп, алаңды айналып жүгіргенбіз. Сол кезде бір қызығы “неге олай жасадық”, - дедік. Бір минуттың өзі бір сағаттай көрінді. 58-60 шақты рет айналған болатынбыз, болғаннан кейін сағат таңғы 5 жарым болған. Костюмді жинап, киімнің бәрі су су, енді болып жатқан кезде сағат 6 болып, қайтадан жүгіруге шықтық. 3 км жүгіреміз, 3 км дегеннің өзі жоқ дегенде 7,8 айналым. Жүгіргеннен кейін әртүрлі жаттығулар бар, сондай романтикамен сабақ алған жайымыз бар. Оның бәрі адамның шыдамдылығын, төзімділігін бір жағынан тексеру, бір жағынан нығайту болып есептеледі екен. Оны қазір өзіміз офицер болғаннан кейін көзіміз жетті. Оның тәрбиелік мәні зор екенін ұғынып жүрміз.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін