Асылып өлердің алдында 4-5 сағат құпия бірдеңе болған: Адвокат әскерде өзіне қол салған сарбазға қатысты тағы да тың деректермен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылып өлердің алдында 4-5 сағат құпия бірдеңе болған: Адвокат әскерде өзіне қол салған сарбазға қатысты тағы да тың деректермен бөлісті

Асылып өлердің алдында 4-5 сағат құпия бірдеңе болған: Адвокат әскерде өзіне қол салған сарбазға қатысты тағы да тың деректермен бөлісті

Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді қызметтегі сарбаздың киімі мен аузынан бөтен адамның биоматериалы табылған болатын.

  • 25 Қаңтар 2023
  • 8796
Фото - Caravan.kz

Адвокат Сержан Пралиев осы іске байланысты Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат беріп , жағаұстатарлық тың деректермен бөлісті.

— Осыдан бірнеше күн бұрын ғана ІІМ "шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті" деген болатын. Осыған байланысты не айтасыз?

— Олар әділет департаментіне жіберген. Олар менің жұмыс орнымды тексереді екен, оларға менің жұмыс орнымның не керегі бар екен?! Мен ешқандай да этиканы бұзған жоқпын. Өзіміздің адвокаттардың этикасы бар, мен ештеңені де бұзған жоқпын. Мен заңды түрде қылмыстық кодекстің 70-бабын қолданып, "өз қорғауымдағы адамның мүддесін қорғауым керек" деп бәрін айттым. Заң бойынша, оған тағылған айыпты жоққа шығаруым керек. Олар қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша айыптап отыр. Мен тергеушілерге ешқандай қолхат берген жоқпын. Мен өз практикамда ешкімге қолхат бермеймін. Бұл іс құпия емес, ашық іс. Сот сараптаманың қорытындысы бойынша екі және одан да көп адамның ДНҚ-сы табылып отыр, соны табыңдар дедім. Тергеуді заңды істесін, мен ештеңе демеймін. Сот сараптама қорытындысына "екі және одан да көп ер азаматтардың ДНҚ-сы табылып отыр" — деп жазылған. Өлген сарбаздың  үстінен, жейдесінен, іш киімінен табылып отыр. Шекара бөлімшесінде 74 адам болған, 38-і ДНҚ-дан өтті. 38 адамның 3 адамынан ДНҚ табылып отыр. "Екі және одан да көп ер азаматтардың ДНҚ-сы табылып отыр" деп тұр, енді сол қалған 36 адамнан ДНҚ-сын тексеріңдерші дедім. Олар бұған қарамай, мән бергілері келмей отыр.

— Кеше ғана "әскери саладағы жылдар бойы қатып-семіп қалған тәжірибені Піралиев бұзды" деп әріптестіңіз Абзал Құспан сізді қолдап, арнайы пост салған болатын. Әскери сот расымен Абзал Құспан айтқандай ма? Оның айтқанына не айтасыз?

— Әлі сот болған жоқ, сондықтан мен ондай ештеңе айта алмаймын. Бірақ, қаңтар оқиғасынан кейін соттар өзгерген сияқты.  27 желтоқсанда менде ҚР әскери сотында бір іс болды. Сол кезде 30 адамды ақтады. Соның ішінде менің де қорғауымдағы адам болды. Ақтаған деген практикада болмаған. Бұл істі де әділ қарайды деп ойлаймын.

— Қазір осы сіздің ісіңіз желіде шу болып жатыр. Сізді көпшілік оқырмандар да, әріптестеріңіз де қолдап жатыр. Мүмкін енді бұл іске басқаша қарайтын болар?!

— Халық айтып жатқанын олар да оқып жатқан шығар. Оңтүстік әскери аймағының прокурорына жаздым. "Тергеуші заңсыз жасады, қайта тексеріңдер" деп дүйсенбі күні жазып жібергенмін. Енді қалай қарайтынын білмеймін. Бірақ осыдан кейін қалған 36 адамды ДНҚ-дан өткізу керек деп ойлаймын. Маған ең басты керегі сол. Мен емес, сот сараптамасы "екі және одан да көп ер азаматтардың ДНҚ-сы табылып отыр" деді.

— Демек, екі адамнан да көп адамның қатысы болуы мүмкін бе?

— Иә, әрине. Сот сараптамасы "ауыз қуысында екі және одан да көп ер азаматтардың ДНҚ-сы табылып отыр", — деп берді. Қалған 36 адамның ДНҚ-сын алса, тексерсе содан шығуы керек. Ал енді ол 36 адамның ішінен шықпаса? Ол сонда кімнің ДНҚ-сы болып шығады? Ол қаладан алыста, 50 км жерде, тауда. Шекараға бөтен адамдар кірген немесе басқа жаққа қарған ба бірдеңе, құпия болып тұр. 38 адамды тексерді қалған 36 адамды тексере салсын, болды. Барлығын Алматыға жібереді, бір айдың көлемінде тексеріп бере салады. Бұл жерде адамның тағдыры шешіліп жатыр.

— Бұрындар қыздарды зорлағандардың ДНҚ-сы шықпай қалатын жағдайлар болып жатады. Ал бұл жерде өзге ер адамдардың ДНҚ-сы ауыз қуысынан табылып тұр. Демек, Бекбол Мирашты қайтыс болатын күні орын алған жағдай болуы мүмкін бе?

— Ұзақ уақыт өтсе, киім жуылса ол кетіп қалады.
Ал бұл ауыз қуысында табылып тұр. Содан кейін ол тамақ ішпеген, су ішпеген, оның ауыз қуысынан табылып отыр. Барлық киімінен табылды. Оны мен емес, биосараптамалар айтып отыр. Іш киімінен, жейдесінен, барлық жерінен ер адамдардың шәуеті табылып отыр. Сараптамада "шәуеті өзінікі және екіден көп ер азаматтардың шәуеті" деп тұр.
Бірінші тексерді, үш адамды тауып алды. Жанындағы жан жолдасын тауып алды және екі контракті адамды. Екі адамнан көп деген тағы да адамдар бар деген сөз. Сонда не болған? Түсінбедім. Асылып өлердің алдында бірдеңе болған. 3-4 сағат па, 4-5 сағат па бірдеңе болған. Ауыз қуысында болғаннан кейін түсінікті ғой.

— Осылай ақпарат таратуыңызға оның туған-туыстары рұқсат берген бе еді, моралдық тұрғыда ауыр ақпарат қой?

— Мен өз қорғауымдағы адамның мүддесін қорғап жатырмын. Соны қорғау үшін барлық заңды әрекеттерді қолдана аламын. Мен оның туыстарына "мен бұны жарияламасам болмайды, тергеуді тезірек жауып тастап" деп отыр дедім. Заңды болғаннан кейін пресс-конференцияны ұйымдастырдым.

— Мирастың банк қосымшасынан алынған деген үзінді тарап, «минет жасап бергеніңе рақмет» деген жазумен 5000 теңге аударған жайт бәрін шошытты. Оны өзінің қасындағы досы жіберген екен. Алайда әлеуметтік желіде ол Мирастың қатысы жоқ, соны итермелеген деген жазбалар жүр. Бұған қандай пікір білдіресіз?

— Ол Мирас Жолмамбетов, оны барлығы біледі. Өзінің емес, соның белбеуімен асылып отыр. Асылып тұрған жерінен сол тауып алған. Оның бәрін тергеушілер тексеруі керек. Негізі, 2 тамыз күні Мирас Жолмамбетов  «минет жасап бергеніңе рақмет» деген жазумен 5000 теңге аударған. Бұл тергеуде бар ма, жоқ па білмеймін. Бірақ олар білуі керек. Олар тергеушілер ғой, ол жақта барлық ақпарат болуы керек. Не болып жатқанын менен сұрамауы керек, мен олардан сұрауым керек. Тергеуді жүргізіп жатқан солар ғой.

— Шәуеттері табылған үш ер адам қазір тұтқындалды ма?

— Жоқ, ол туралы ақпарат таралған жоқ. Өзін өзі өлтіруге итермелеген басқ адамдар деседі. Видеоға түсіріп алған ба бірдеңе. Видеоға түсірген телефонды жоғалтып алып отыр. 5-6 адамның ішінде құпия бірдеңе болған. 17-нен 18-не қараған түнде ішкен, келесі күні асылып қалған. Телефонның иесі "мынау менен тартып алды да, жоқ қылып жіберді" деді. Әскери шекара бөлімшесінен барлығын, дәретхана ішінен дейін барлығын қарап шыққан. Еш жерде жоқ деп отыр. Ал жоқ қылған жігіт ештеңе айтпай отыр. Енді содан жөндеп сұрамай ма "телефон қайда кетті, ол қандай видео" дегендей. Олар тіпті телефонды қозғап жатқан, керегі жоқ оларға. Олар сыбайлас болып "Нұртаев Айбек бізді ұрып-соқты, мәжбүрледі. Бізді қорлады, қадір-қасиетімізді түсірді" деп отыр екен. Сонда бәрінің қадір-қасиетін түсіреді де бір-ақ адам асылып қала ма? Сол жерде арақ ішке 4 адам сап сау жүр ғой, олар неге асылып қалмаған? 

— Демек, сізге осылай шулатуға тура келді ме?

— Шулату емес, мен әділдік үшін осылай жасадым. Мен қазір тып-тыныш отырсам, менің қорғауымдағы адам босқа, бос айыпталып сотталып кетейін деп отыр. Тергеудің амалдарына сеніп қарап отырсам сонда не болады? Абзал Құспан айтқандай 10-15 адам топырлатып әкеліп, "иә, мынау оңбаған" дейді солай сот бітеді. Шекарадағылар мүмкін бәрін біледі, білгенмен айтпай отыр. Бірдеңе бар ғой, соны тапсын. Жауап алсын, менің мақсатым сол.

ЕСКЕРТУ: Сұхбатты көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!