Жарияланды: 130

Атамекен мұражайының ғылыми қызметкері: Елбасының қасынан бір елі қалмай, жүре бергің келеді

Атамекен мұражайының ғылыми қызметкері: Елбасының қасынан бір елі қалмай, жүре бергің келеді Сурет - Sputnik Қазақстан, Baq.kz, Taldyk.info

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіндік  қаны тамған туған жері.

2017 жылы 1 желтоқсан, яғни Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Шамалған ауылында Елбасының “Атамекен тарихи мәдени орталығы”, - ашылған болатын.

Осыған  байланысты “Атамекен тарихи мәдени орталығының” ғылыми қызметкері Нұрқожа Қыдыр Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

- Қыдыр мырза, “Атамекен тарихи мәдени орталығы”, - туралы айта өтсеңіз. Бұл орталық қашан ашылды? 

- Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Атамекен тарихи мәдени орталығы”, - деп аталады. 2017 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Негізі, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ашылған болатын бұл музей. Бұл өңірде, бұл музейдің алдында  “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Батыр бабалар мемориалы”, - деген музей ашылды. 2017 жылы Қарасай ауданы үшін үлкен рухани серпіліс жылы болды. Музей ашылған күннен бастап үздіксіз халыққа қызмет етіп келе жатыр. Біздің де мақсатымыз көпшілікке рухани азық беру, Елбасының  өмір жолын, тәуелсіздік жылдары істеген қызметін халыққа, көпшілікке, келушілерге насихаттау, бұл біздің басты мақсатымыз.  “Атамекен тарихи мәдени орталығы” 4 залдан тұрады: 1-ші зал Елбасының балалық шағы мен мектеп кезіндегі уақытына арналады.2-ші зал Тәуелсіздік кезеңіне арналады. Тәуелсіздік кезіндегі Астанаға, қазіргі Нұр-Сұлтанға көшу, Ассамблея құру, Семей полигоны туралы.3-ші зал Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде еліміздің экономикасы қандай болды, неден бастау керек болды сол туралы. Білімді көтеру керек болды, медицинасы бар, спорт, ауыл шаруашылығы экспедициямен жабдықталған. 4-ші зал сыртқы саясаятқа арналады. Елбасының “Қазақстан жолы”, - деген кітабы бар. Сол кітапқа бүкіләлемдік көшбасшылар Елбасының Қазақстанды Тәуелсіздік жылдары саяси аренаға алып шыққандағы беделі, Елбасының еңбегі туралы. Елбасы бұл “Қазақстан жолы”, - деген кітапты жазып шыққан кезде сертификатымен бірге біздің музейге, осы 4-ші залға жеткен болатын. Жалпы айтқанда, 4-ші зал сыртқы саясатқа арналады. Музей 4 экспедициялық залдан тұрады.

- “Атамекен тарихи мәдени орталығының” ашылуына Елбасының өзі қатысты ма?

- Осы жердің ашылуына көп үлесін қосқан кісілер Алматы облыстық мәдениет басқармасын басқарқан, қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуалиев деген ағамыз бар. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімі Амандық Батталов бар, осы екі кісінің мұрындық болуымен ашылған музей. Ашылуында жаңағы аталған кісілер болды, содан кейін ауылдағы Елбасының сыныптастарын шақырған болатынбыз. Өйткені, ауылда бірге өскен достары бар, сыныптастары бар, көзкөрген кісілер бар. Халықтың қолдауымен осы орталық ашылды. Елбасы ашылуында болмады, бірақ былтыр сәуір айында Шамалғанға ресми сапарымен келген болатын. Ресми сапармен музейге де келген еді. Бәріміз қатар, қатар тұрдық. Елбасыны жақын жерден, өз көзіммен көрдім.

- Елбасыны көргенде қандай әсерде болдыңыз?

- Теледидарда көргенде басқаша, өмірде көрген басқаша екен. Елбасыға бір қараған кезде, ол кісі саған қараса да, қарамаса да, адамды өзіне тартып алатын көзінде нұр бар екен. Көзіңнен таса қылғың келмей, ізінен, қасында жүргің келетіндей сезімде болдым. Ол сезім менде ғана болды ма десем, қасымдағы әріптестерімде де сондай сезім болған екен. Елбасының өзінің қасиеті сондай екен. Жүзі жылы, ашық, маңдайы жарқырап тұрады. Музейді аралап, содан кейін халықтың алдында сөйледі. Музейді туған жерінде ашқаны үшін Елбасы алғысын айтты. Музейге өз бағасын беріп, риза болды. Біздің қасымызда спорт кешені ашылды. Ол спорт кешеніне Елбасының өзі мұрындық болып ашылды. Көрші ауылдағы балалардың барлығы сол спорт кешеніне барады. Ол жерде түрлі жарыстар өтеді, ол спорт кешеніне барған келушілердің барлығы міндетті түрде біздің музейге де келеді. Бұл орталық – Қарасай ауданы үшін нағыз рухани азыққа айналды. Өйткені, біз мәдени тақырыпта түрлі іс-шаралар өткіземіз.

- “Атамекен тарихи мәдени орталығына” келушілер көп пе? Шет елдерден де келгендер бар шығар...

- Өте көп келеді, шетелден келген қонақтардың өзінің саны біразға жетті. Орталық Қазақстаннан да, Батыс Қазақстаннан да келгендер көп. Түркиядан, Қырғызстаннан, Ресейден, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан және де көптеген елдерден келді. Біз есеп берген кезде осы аталған елдердің барлығын, облыс, аудандарды міндетті түрде есепке қосамыз. Осы уақытқа дейін 10-нан астам елден түрлі қонақтар, келушілер, саяхатшылар келді. Оның үстіне біздің орталыққа кіру, тамашалау тегін. Барлығы халық үшін жасалғаннан кейін “Атамекен тарихи мәдени орталығына” келушілердің санын артпаса, кеміген емес. Барша халықты, қазақстандықтар және біздің елімізге келушілерді орталығымызға шақырамыз.

Атамекен мәдени орталығы туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының “Атамекен тарихи мәдени орталығы” 2017 жылы Тұңғыш Президент күні, яғни 1 наурыз күні ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл орталық өз жұмыс бағытын айқындай түсіп, “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасын негізге ала отыра, еліміздің дамуын, мәдениет пен ғылымдағы мақтан тұтарлық жетістіктерді насихаттай отыра бұл орталық танымдық әрі ағарту орталығы ретінде халыққа қызмет атқаруда.

Ашылғанына көп уақыт өтпесе де, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының “Атамекен тарихи мәдени орталығы” мәдини іс-шаралар бойынша да, тәрбиелік бағыттағы тыс сабақтары бойынша да халыққа қызмет көрсетуде. Музейде бала тәрбиесіне көбірек мән беріледі, өзара тәжірбие алмасу бойынша да бас қосу жиындары жиі өтіп тұрады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының “Атамекен тарихи мәдени орталығында”  Нұрсұлтан Әбішұлының еңбектері бар, сонымен қатар авторлар жазған Елбасының жолы туралы кітаптардың үлкен топтамасы жинақталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін