Атышулы адам жегіш Николай Жұмағалиев жуырда бостандыққа шыға ма? Маньяктармен 14 жыл жұмыс істеген психолог жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы адам жегіш Николай Жұмағалиев жуырда бостандыққа шыға ма? Маньяктармен 14 жыл жұмыс істеген психолог жауап берді

Атышулы адам жегіш Николай Жұмағалиев жуырда бостандыққа шыға ма? Маньяктармен 14 жыл жұмыс істеген психолог жауап берді

Кезінде күллі елді дүр сүлкіндірген адамжегіш Николай Жұмағалиев Алматы облысы, Ақтас ауылындағы жындыханада ем алып жатыр. Жуық арада босап шығуы мүмкін бе?

  • 7 Тамыз 2023
  • 22657
Фото - Caravan.kz

Емделіп жатқан өзге де маньяктар жайлы оларға 14 жыл психолог болған Ақмарал Шегентайқызы Caravan.kz медиа-порталы тілшісіне әңгімелеп берді.

Адамжегіш туралы күні бүгінге дейін айтылып келеді. Тіпті, ол туралы 2022  жылы толықметражды фильм де түсірілді. «Үш» атты көркем фильм Алматыда түсіріліп, Пусандағы халықаралық кинофестивальде арнайы марапатқа ие болған. Дегенімен, Жұмағалиев туралы сайт оқырмандарының есіне бір сала өтсек, алғашқы қылмысын 1978 жылы жасаған еді. Жұмыстан қайтып келе жатқан жас келіншектің соңына түсіп, өлтіріп, қанын ішкен. Тіпті, мәйітпен жыныстық қатынасқа түседі. Және жамбас етін үйіне алып кетіп, одан тамақ әзірлеп жеген деседі. «Бұлай өмірі қыршынынан қиылған қыздардың саны деректерде 57 делінгенімен. Шын мәнінде одан көп», — дейді психолог.

Мен 2007 жылдан бастап сол мекемеде жұмыс істедім. ҚР психиатриялық ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерімен жұмыс істедім. Олар біздің заңнамамыз бойынша сотталмайды. Тек қана Республикалық психиатриялық ауруханаға жатқызылады. Өйткені ол кісілердің ауытқулары бар. Жұмағалиев біздің ең тәртіпті ем алушымыз. Психоэмоционалды күйі тұрақты, көп сөйлемейтін болды.

— Жұмағалиевтің «Еркіндікке шықсам, кітабымды жарыққа шығарғым келеді» деген арманы бары рас па?

«Кітабын шығарғысы келеді» дегенді өз басым естімеппін. Бірақ, күнделік жазады. Оны өзім де байқағанмын. Сұрап оқуға ешкімнің батылы жете қоймайтын. Ішінде не жазылып жатқанын білмеймін.

Ол кісіде шизофрения. Кез келген уақытта тосын мінез танытуы мүмкін. Жасы 70-ке жетіп қалды. Енді бостандыққа шығаруы мүмкін дей алмаймын.

— Маньяктармен жұмыс істеу қиын емес пе?

Бұл жұмысқа дейін наркологиялық емханада жұмыс істедім. Жаспын. Жанып тұрмын. Мұнда ауысқанымда да қорқыныш туралы тіпті ойламадым.

Десе де, ем алушыларымызбен аса сақтықпен сөйлесетінбіз. Ашуына тиіп кетпеуге тырысатынбыз. Себебі, олар бостандыққа шығатын болса, кек алмасына кім кепіл.

— Жұмағалиевтің өте ақылды екені айтылып жатады. Рас па?

Жалпы, шизофрениктердің интеллектуалды қабілеті кәдуілгі адамдардан әлдеқайда жоғары дамыған. Олар өте терең адамдар. Білесіз бе, барлық ұлы адамдар шизофреник болған. Мәселен, Лев Толстой, Напалеон Бонопарт т.т. 

Шизофрениктер қалыпты кезеңде жүріп, аяқ асты түлен түрткендей өзгеріп шыға келеді. Бойына адам сенгісіз күш бітеді. Кез келген ауыр жиһазыңызды көтеріп лақтырып жіберетіндей күшке мінеді.


Өзінің науқас екенін, кез келген уақытта айналаға қауіп төндіре алатынын білетін шизофрениктер болады. Мойындамайтын да шизофрениктер бар. Жұмағалиевке келер болсақ, ол мойындамайтын. Өткен оқиғалары туралы тіпті тіс жарған емес. Өзін жалған жасалған құжатпен қамалдым деп есептейді.

— Шизофреник екені қалай анықталған?

Оның шизофреник екенін Ресей дәлелдеді. Сараптаманы сол жақтың психотерапевтері жасады. Алғашында оны шизофреник деп ешкім ойламады. Себебі, тергеу сұрақтарына өте адекватты жауап берген.

Шизофрениктерді, олардың бойындағы ерекшелікті байқай бермейміз. Адам өлтіргенде ғана біліп жатамыз. Оның ерекшелігін еркелік дейміз. Әйтеуір, балаға о баста дұрыс зер салмағандықтан кеш көреміз.

— Жұмағалиев кездесіп жүрген қызынан сатқындық көріп, қыздарға жеккөрініштен осы әрекеттерге барып жүр деген деректер қаншалық рас?

Жалпы, шизофрения туралы оқысаңыз шизофрениктерде фикс идея болады. Олардағы фикс идея – әлемді жезөкшелерден тазарту. Жаңағы ақпаратыңыз туралы мен хабарсызбын. Бізде нақты ондай дерек болмады.  Ондайды көрсе де, көрмесе де шизофрениктерде жаңағы фикс идея бар. Ол бір Жұмағалиевте ғана емес. Менде бір науқас болған. Ол түнгі жұмыстағы қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Қыз бас тартқан. Сөйтіп, қызды аяусыз өлтіреді. Өзі полиция шақырады. «Маған күйеуге шықпады. Оны құтқармақ едім. Менде ұлы мақсат бар. Әлемді жезөкшелерден тазартуым керек» деген. Осы мақсаттың жетегімен жүретін шизофрениктер баршылық.

— «Қыздарды өлтіретін маньяктар көп» деп қалдыңыз. Не себепті Жұмағалиев ерекше назарға ілікті?

Енді көбі 1 немесе 2 адам өлтіргенімен қолға түседі. Ал, Жұмағалив 75-жылдары қаншама қыздың өмірін қиды. Деректер бойынша 57. Ал негізінде одан көп.

— Николай Жұмағалиевтің отбасы, жақындары туралы естуіңіз бар ма?

Отбасы жағын білмейміз. Әйтеуір, әпкесі туралы естігенбіз. Көрісуге келіп, тамақ әкеліп тұрады дегенді естігенмін.

— Сұхбатыңызға рақмет!